Молекулалық физика ( срс) I тақырыптық блок. Статистикалық физика және термодинамика Құрылымдық элементтер деген не?



бет10/13
Дата12.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#25345
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
14. Сұйықтық манометрлер.

( бет)


Манометр— сирек, тығыз емес — сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге арналған прибор. Манометрлердің көптеген түрлері бар,мысалы,дифманометр,сфигманометр,бурдон манометрі,қарапайым ашық сұйық манометр.Атмосфералық қысым барометрмен, нөлге жуық қысым вакуумметрмен өлшенеді. Манометр шкалалары әр түрлі бірліктерде (кгк/м² немесе кгк/см², бар, мм сынап бағаны, мм су бағаны, т.б.) градуирленген. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па) алынған. Жұмыс істеу принципі мен сезімтал элементінің құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік (поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық, сильфондық) болады. Сондай-ақ, көрсетуі тікелей саналатын немесе тіркелетін, жұмысы әр түрлі заттардың физикалық қасиеттерінің қысым әсерінен өзгеруін өлшеуге негізделген манометрлер де қолданылады.

Манометр - қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады. Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді. Енді резеңке түтікшені бір бетіне резеңке қабықша қапталған дөңгелек қорапшамен жалғастырайық та, қорапшаны ақырын қолымызбен басайық . Бұл кезде қорапшамен жалғасқан манометр тармағындағы сұйықтың деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары көтеріле бастайды. Қорапты неғұрлым күштірек бассақ, соғұрлым манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы үлкен болады. Себебі резеңке қабықшаны басқан кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы бойынша қысымның осы артуы манометрдің қорапшамен жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйықтың артық бағанының түсіретін қысымымен теңелген кезде, сұйық тепе-теңдік қалыпқа келеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет