Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


тыңдаушы  (адресат)  мен  сөйлеушіге (адресант)



Pdf көрінісі
бет48/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   181
 тыңдаушы 
(адресат) 
мен 
сөйлеушіге
(адресант)
 
ойша түсінікті белгілі шаманың орнына тілдік 


61 
жеңілдік үшін ауысып қолданылады да, «мөлшер» ұғымын білдіреді. Мысалы: 
Ілін / йана біртіміз, ілгерү Қадырқан йышығ аша, будунығ анча қонтурдымыз, 
анча ітдіміз. Қурығару Кенү тарманқа тегі түрк будунғ анча қонтурдымыз, 
анча ітдіміз 
(КТү., 21) 
// Елін қайта бердік, ілгері Қадырқан қойнауынан аса 
халықты осынша қондырдық, осынша еттік. Кері Кенү тарманға дейін түркі 
халқын осынша қондырдық, осынша еттік
.
 
Үзіндідегі Қадырхан қойнауы мен Кенү тармағына қондырылған түркі 
халықтарының көптігі және олардың сонда тіптен өсіп-өніп, көбейгені 
айтылады. Мұнда халықтың нақты саны айтылмайды, тек белгісіз мәні, көп 
болып өсіп-өнгені ұғынылады. Бірақ қандай да бір нақты сандық мәні бар екені 
даусыз. Осы мөлшерлік шама орнына күрделі синтаксистік тұтастықтың соңғы 
компоненттерінде
анча 
сөзі ауысып қолданылып тұр. Жоғарыда келтірілген 
анча
сөзінің 
дивергендік варианттарының
бәрі де осы мағынада жұмсалады.
Ғ.Айдаров ескерткіштердегі мөлшер үстеулерді аударма жасағанда, бір 
нұсқаның өзін қазіргі қазақ тілінде бірнеше нұсқада береді (аударады). Айталық: 
анча // мұнша, осынша, сонша; бунча // көптеген, мұнша, сонша, соншама; ынча
// 
сонша. 
Бұлардың аудармасында кейде дәлдіктің жетіспегені байқалса, кейде 
контекске қарай олардың орын талғайтынын ғалым аңғара білгені аңғарылады. 
Алайда бұл мөлшер үстеулердің семантикалық қызметін, мәнмәтіндік орнын 
ескерткіштегі тілдік материалдар негізінде нақты ажырату қиынға түседі. Десе 
де олардың қолданысында нақты айырмашылығы, синтагмалық ерекшелігі бар 
екені сөзсіз. Ал қазақ тілінде түрлі дыбыстық нұсқалар (варианттар) арқылы 
берілетін бұл мөлшер үстеулердің мәнмәтіндік семантикасы «Мөлшер 
есімдіктер» атты мақаламызда нақты анықталған [182].
Кейде 
мөлшер үстеулер
мен 
есім, етіс сөздері
тіркесіп келу арқылы да 
белгілі іс-әрекет пен қимылдың, заттық шаманың мөлшері беріледі. 
Ескерткіштерде мынадай тіркестер кездеседі:
анча өглеміс 
(Тон., 20)
// сонша 
кеңесті; анча етүнтүм 
(Тон., 12)
 // сонша өтіндім;анча қазғанып 
(КТү., 27)
 // 
сонша үлкейтіп; анча тірмен 
(Тон., 37)
// сонша дедім; бунча ағыр 
(БҚ, 2)
//
мұнша мықты; бунча будун 
(БҚ, ХА/12; КТү., 4)
// сонша халық; буңсыз анча 
(КТк., 5)
 // сонша шексіз 
т.б. Бұл тіркестердегі 
анча, бунча
сөздері бірде қимыл-
әрекеттің күшейтпелі мөлшер мағынасын білдірсе, енді бірде зат есімдердің 
сандық, сындық мағыналарына мөлшерлік мән үстейді.
Тіркес құрамында келген мөлшер үстеулердің семантикалық қызметінде 
күшейткіштік мән басымдау келеді. Яғни зат пен іс-әрекеттің қандай да бір 
мөлшерінің орнына ауысып жұмсалумен қатар, өзі тіркескен сөзге белгілі 
дәрежеде мән үстейді. Нәтижесінде нақты мөлшерлік мағына абстракциялана, 
жалпылана бастайды. Мұндай абстрактілі мағына 
өте, тым, көп, ауыр
деген 
күшейтпелі мағынаға сәйкес келеді. Тіркестегі 
анча, бунча 
сөздерінде сілтеу, 
нұсқау мағынасы бар. Ол контексте нақты немесе абстрактілі мөлшерлік шаманы 
нұсқау қызметін атқарады. Мысалы:
1)
Бунча будун
сачын, қулқақын, йаңақын бычды 
(БҚ, ХА/12) 
// /өлімге 
келген/ сонша халық шашын, құлағын кесіп, бетін тілкіледі / кесті/
;

2)
Ол сабығ есідіп түн удысықым келмеді күнтүз олурсықым келмеді. Анта 
отрү қағаныма этүнтүм анча етүнтүм табғач оғуа қытан бу үчегү қабысыр 
қалтачы біз өз ічі-тасын тутмыс тег біз 
(Тон., 12)
 // Ол сөзді естіп түн ұйқым 
келмеді күндіз отырғым келмеді. Содан соң қағаныма өтіндім, сонша өтіндім 


62 
табғаш, оғыз, қытан бұл үшеуі біріге қалса, біз өз іші-сыртымызды ұстап қана 
қаламыз
.
 
Бірінші мысалдағы 
бунча
сөзі зат есім сөздерімен (халық) тіркесе келіп, 
бірнеше мағына білдіреді: біріншісі – «көп» деген «сындық мөлшер» ұғымы, 
яғни халық санының көптігі; екіншісі – сандық мөлшердің күшейтпелі мағынаға 
ауысуы, яғни 
бунча
сөзінің негізінде қандай да бір нақты сандық мән 
жатқанымен, ол контексте абстракцияланып, күшейтпелі семаға ауысқан;
үшіншісі – қандай да бір шамаға сілтеу мағынасы. Ол 
бун (бұл
) түбірі арқылы 
беріліп тұр. Екінші мысалдағы мөлшерлік семантика қимыл-әрекеттің орындалу, 
жүзеге асуына қатысты. Мұнда да 
анча
сөзі бірнеше мағына білдіреді: біріншісі 
– «көп рет» деген ұғымды білдіріп, бірінші жақтағы қимыл-әрекеттің көп рет 
қайталанғанын білдіреді; екінші – «тым, бек» деген күшейтпелі мағынада 
жұмсалып, өтінгенде де жай емес, шын көңілімен, ерекше ықыласпен өтінуін 
білдіретін қимыл-әрекеттің абстрактілі мөлшері; ал үшіншісі – өткен шақтағы 
орындалған әрекеттің қандай да бір мөлшеріне нұсқау.
Бұл мөлшер үстеулердің бұдан басқа да контекстік мөлшер мағыналары 
болуы ықтимал. Алайда ескерткіш мәтіндері негізіндегі бізге мәлім мағыналары 
жоғарыдағыдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет