Монография «Елтаным баспасы»


фразеологизмдер үшін ең басты анықтама олардың



Pdf көрінісі
бет22/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
фразеологизмдер үшін ең басты анықтама олардың 
тұрақты жəне даяр қалпында қолданылуы. 
Тұрақтылық пен даяр 
қалпында дегендер бірін-бірі толықтыратын əрі бірінен-бірі туындай-


31
тын ұғымдар. Фразеологизмдерді танып білуде осы 
даяр қалпында 
қолданылу, тұрақтылық 
деген белгілері басқа да «еркін» сөз тір-
кестерінен бірден бөліп қарап, тануға жəрдемдеседі. Зерттеушілер де 
фразеологизмдердің осы ерекшелігіне баса назар аударады. Сонымен 
лингвистикалық пəн ретінде қазақ фразеологиясының алдында 
тұрақты 
жəне даяр қалпында жұмсалу белгісі
делінетін ең басты маңызды 
көрсеткішке апаратын бірнеше себептерді атауға болады. Олар:
♦ Тіркестердің тұрақталу құбылысының мəнін ашу; 
♦ Дағдылы, жалпы қолданыстағы тіркестердің даяр қалпында жұм-
салатын тұрақтылыққа айналу себебін анықтау; 
♦ Фразеологиялық тіркестерді тұрақтылығына қарай жүйелеу сияқты 
сұрақтарды шешу.
Бұл ретте тілдік таным үдерістеріне қарай жəне тілдік тұлғаға, яғни 
тілдің иесі адам арқылы анықтау басым бағытқа ие. Антропоцентрлік па-
радигма аясында ең алдымен адамның 
қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау
əрекет ету
сияқты адамдар санасының когнитивтік құрылымына назар 
аударылады. 
Адамдардың іс-əрекетін сипаттайтын сөздердің мағынасын түсіну 
ішін, сол іс-əрекетке себепші болған нысандардың (объект) мақсатын, 
қызметін білу керек. Ол үшін: 
ü
Алдымен ақпаратты (естіген сөз тіркесін) адам есте сақтап қалады. 
Табиғи тіл механизмін түсіндіру үшін ақпараттар арқылы білім жинай-
ды. 
ü
Содан соң тіркес мазмұнына қарай санада ситуацияға (жағдаяат) 
қарай «сценарийді немесе фреймді» елестетеді. 
ü
Одан кейін естіген тіркесті жадында қайта жаңғыртады. 
Ең алдымен сөз тіркесі қайтадан жаңғырылып, еске түсіріліп, даяр 
қалпында қолданылатын дəрежеге жету үшін айтушының (адам) өзі осы 
кезеңдерден өтуі керек. Əлде бір сөз тіркесінің тұрақтануында сол тілде 
сөйлеуші (айтушы) көрген, немесе естіген тіркеске қатты назары ауып, 
не қызығып, не қажет болып, соны еске сақтап қалуға тырысады. Мұны 
индивидтің «назары түскен лингвомəдени көрініс» деуге болады. 


32
Адам миында есте сақтау құбылысы ең алғашында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет