туар айдың жаңасы, туар ай, күн ұзарту, күн қайыру, күн теңелу, күн тоқырау, темірқазық жастану т.б. тұрақты тіркестерде ұлттың таным
түсінігі жатыр.
Ай қорғалау – айдың толуы мен кему сəтін бейнелейтін тіркес. Ал
арғы түбіндегі аңыз бойынша Күн ме Ай екеуі де сұлу қыз болған. Ай
өзінің сұлулығын айтып мақтанғанда Күн қызғаныштан Айдың бетін
тырнап алып, дақ түсірген. Содан бастап айдың бетінде дақ қалған де-
седі. Күнге жақындаған сəтте Ай қорғалап, бетін жасырады, кемиді.
Ал Күннен алыстағанда керісінше мақтанып, бетін жасырмай түгел
көрсетеді-мыс. Осы аңыз негізінде бетін айдай қылу, қарғыс мəндегі