233
• һəркемнеке үзенə ай күренə күзенə – əркімдікі өзіне , ай көрінер
көзіне
• ут алырга килгəн; көз ачып йомганчы [Гаффарова, Татарча-русча
идиомалар сүзлеге. 2006.]
Бұл о бастан-ақ этникалық байланысы бір татар мен қазақтардың
тілдік болмысындағы дүниені тану, бағалау арқылы көрінетін менталдық
ерекшеліктер жалпы түркілік ой-сананың жемісі деуге болады. Мұндай
мысалдардың екі тілде де көп кездесуі «кім кімнен алды» деген
риторикалық сұрақ емес.
◊ Екі тілде де фразеологизм компоненттері мен айтылуы бір-
дей болғанымен, мəселен қазақ тілінде мүлде басқа фразеологиялық
мағынасы бар тіркестер. Мысалы:
•
авыр аяклы – (букв. С тяжелой ногой) приносящий несчастье, горе;
невезучий; приносящий неудачу (о человеке, после посещения которого,
по суеверным представлениям, случается какое-л. несчастье) [Татар-
ча-русча идиомалар сүзлеге, 2006:13].
Ал қазақ тілінде
ауыр аяқты // аяғы ауыр – қазақ тілінде екіқабат
əйел туралы тіркес. Бұл тіркестің жасалуының мотивациясына екіқабат
əйелдің жай, ақырын жүрісі. Қазақтарда татар тіліндегі ситуацияға орай
«аяғы жаман» тіркесі қолданылады.
Сол сияқты татар тіліндегі
алдыңнан артың яхшы тіркесінің
мағынасы – скатертью дорога; вот тебе бог; вот тебе порог; деп
түсіндіріледі.
Ал қазақ тілінде бұл тіркес өмірде қанша жасасаң да артыңда жақсы
із қалсын, ел есінде сақталатын іс қалсын деген тілек мағынасында
жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: