Монументальдық формаларға: мегалиттер мен жар тастар беттеріне бейнеленген петроглифтар жатады. Шағын формаларға



бет5/14
Дата16.12.2023
өлшемі77,01 Kb.
#140040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Тақырыбы: Орта ғасыр сәулет өнері, мүсін өнері, қол өнері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Орта ғасыр сәулет өнерінің ескерткіштері.

  2. Ежелгі қала құрылысының жетістіктері.

  3. Кесенелер мен күмбездердің безендіру элементтері.



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Сәулет өнері. Түркі-маңғол кезеңінде Қазақстанда ұсталық, зергерлік, гончарлық өнер шеберханалары бар керемет зәулім сәулеттік құрылысымен ерекшеленетін қалалар болған.
Зерттеушілер ортағасырлық қалалардың түрлі жобаларын зерттей келе бірнеше топқа бөледі:
1.Жетісудың оңтүстік-батыс қалалары Суяб, Мерке, Нузкет Орта Азия мен Шығыстағы геополитикалық және экономикалық маңызды саналатын қыраттардың етегінде өзен жағалай орналасады.
2. Оңтүстік Қазақстанның Отрар, Құйрық-қөбе, Сайрам қалалары орталығынан бастап даму алатын қалалар санатына жатады. Қала ортасында цитодель, оны жағалай шахристан мен рабад құрылысы жалғаса түскен.
3. Іле бойындағы қалалар Екі өгіз, Қоялық, Тальхиз төрт бұрышында мұнаралары бар тік төрт бұрыш формасында дамыды.
Ежелгі Сайрам - зороастризмнің қасиетті кітабы Авестада жазылып сонау VII ғасырдан атын сақтап келген жалғыз қала. Сайрам (Исфиджаб) төрт бұрышы төрт құбылаға сәйкестеліп келген қала. Қалада әлеуметтік және мәдениеттік құрылыстар, сонымен қатар сарайлар, сауда орындары, шеберханалар, керуен-сарайлары, мешіт, монша болғаны ескеріледі. Қалада соғдылар мен түркілер бірге тұрған және шығыс пен батыстан сабылған керуендердің арқасында қала тез көркейіп отырған.
Мүсін өнері. Қазақстанның көптеген аумақтарында Ұлы даланың күзетшілері іспеттес ежелгі түркі ескерткіштері көптеп кездеседі. Мыңдаған ғасырлар бойы көптеген сақ, скиф, үйсін, сармат, түркі, түргеш, қарлық, оғыз, қыпшақ тайпалары дала төсінде сыйыну мен құрметтік белгі ретінде сан-алуан тас мүсіндер орнатқан. Көшпенділердің салты бойынша тас мүсіндер қайтыс болған адамдардың қасиетті рухымен байланысты наным-сенімге айналып, берекелік пен тыныштықтың рәмізне айналып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет