Морфология



Pdf көрінісі
бет1039/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1035   1036   1037   1038   1039   1040   1041   1042   ...   1132
жұлдызша  нейроциттердің  дендриттері  қысқа  болып  келеді,  ал  аксондары 

ортаңғы  ганглионды  қабаттың  алмұртша  нейроциттерінің  дендриттерімен 

синапс арқылы байланысады. Ірі жұлдызша нейроциттердің ұзын тармақты 

дендриттері  мен  аксондары  болады.  Олардың  дендриттері  алмұртша 

нейроциттердің  дендриттерімен  де,  денелерімен  де  синапстық  байланыстар 

түзеді.  Мөлшері  10-20  мкм  ұсақ  себетше  нейроциттердің  жіңішке  ұзын 

келген дендриттері мен аксондары мишық қыртысының қатпарлары бойымен 

көлденеңінен  орналасып,  алмұртша  нейроциттердің  денелері  ұстімен  тым 

ұзын  тарамдар  жасайды  да,  оларды  себет  тəрізді  сыртынан  шырмап, 

алмұртша 

нейроциттер 

денелерімен 

синапс 

арқылы 


байланысады. 

Молекулалы  қабаттын  жұлдызша  жəне  себетше  нейроциттері  ганглионды 

қабаттағы  ірі  алмұртша  нейроциттердің  қызметін  тежейтін  жүйке 

толкындарын жеткізеді. 

Мишық  қыртысының  ортанғы  ганглионды  қабатын  бір  қатарда 

орналасқан  ірі,  пішіні  алмұрт  тəрізді  нейроциттер  (бұрынғы  атауы  — 

Пуркине  жасушалары)  құрайды.  Олардың  тармакталған  2-3  дендриттері 

мишық қыртысының сыртқы молекулалы кабатына өтіп, қыртыстың сыртқы 

бетіндегі  қатпарларға  көлденең  жазыктын  бойымен  тарамдалады.  Ал 

олардың  аксондары  алмұртша  нейроциттердің  қарама-қарсы  төменгі 

жағынан  шығып,  миелинді  жүйке  талшықтарға  айналады  да,  ақ  заттың 

құрамында,  сол  ақ  затта  орналасқан  мишық  ядроларының  нейроциттерінде 

аякталады. Аталған аксондардан дəншелі қабатта бүйірлік тармактар ажырап, 

қайтадан  ганглионды  қабатқа  кері  қайтып,  көрші  алмұртша  нейроциттердің 

денелерімен синапс арқылы байланысады. 

Мишық  қыртысының  дəншелі  қабатын  бірнеше  қабатта  жаткан, 

диаметрі  5-8  мкм  ұсақ  дəнше  нейроциттер  құрайды.  Дəнше  нейроциттердің 

ірі  дөңгелек  келген  ядроларын,  сыртынан  цитоплазманың  жұқа  қабаты 

қоршап  жатады.  Дəншелі  қабат  аймағынан  сыртқа  шықпайтын  бұлардың 



472 

 

қысқа  3-4  дендриттері  болады.  Олар  зəйтүн-мишық  жəне  көпір-мишық 



еткізгіш  жолдары  құрамында  мишыкка  қоздырғыш  жүйке  толкындарын 

жеткізетін 

афферентті 

жүйке 


талшықтарының 

соңғы 


мүк 

тəрізді 


тармақтарымен  синапстык  байланысқа  түсіп,  мишық  шумақшаларын 

түзеді.  Дəнше  нейроциттердің  аксондары  мишық  қыртысының  молекулалы 

қабатына өтіп, Т əрпі тəрізді екі тармаққа ажырайды да, мишык қыртысының 

сырткы  бетіне  параллельді  өтетін  ұзын  тармақтарға  таралып,  көптеген 

алмұртша,  жұлдызша  жəне  себетше  нейроциттер  дендриттерімен  синапс 

арқылы  байланысады.  Сөйтіп,  дəнше  нейроциттер  афферентті  мүк  тəрізді 

жүйке  талшықтары  бойымен  келген  қоздырғыш  жүйке  толқындарын 

көптеген  алмұртша  нейроциттерге  жеткізеді.  Дəншелі  қабатта  дəнше 

нейроциптерден  басқа  қысқа  жəне  ұзын  аксонды  үлкен  жұлдызша 

нейроциттер  де  болады.  Қысқа  аксонды  үлкен  жұлдызша  нейроциттер 

ганглионды  қабатқа  жақын  орналасады.  Олардың  дендриттері  молекулалы 

қабаттағы  дəнше  нейроциттері  аксондарымен,  ал  аксондары  дəншелі 

қабаттағы дəнше нейроциттері дендриттерімен, аффрентті мүк тəрізді жүйке 

талшықтарынан  сəл  бұрынырақ,  синапстық  байланыс  түзіп,  мүк  тəрізді 

жүйке талшықтары бойымен дəнше нейроциттеріне келген қоздырғыш жүйке 

толқындарын əлсіретіп, тежеу қызметін атқарады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1035   1036   1037   1038   1039   1040   1041   1042   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет