Базальды қабатты негіздік жарғакта бір қабатта орналасқан пішіні мен
мөлшері əр түрлі: текше тəрізді күңгірт түсті, дөңгелек ядролы ұсақ жəне
ақшыл түсті сəл ірірек эпителиоциттер құрайды. Базальды эпителиоциттер
митозды бөлініп, діңгекті жасушалардың қызметін атқарады.
47 - сурет. Көпқабатты ауыспалы эпителий (қойдың бүйрегі түбегінің эпителий
қабаты). А. С. Лежава бойынша
а, б - жабынды қабаттың эпителиоциттері, в - аралық қабаттың эпителиоциттері, г -
митоз, д - базальды қабаттың эпителиоциттері,
е — борпылдақ дəнекер ұлпасы.
Аралық қабат цитоплазмасы ақшыл түсті көпбұрышты жəне алмұрт
тəрізді эпителий жасушаларынан тұрады. Бұлардың қабаттарының саны
мүшенің физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |