Проплазмоциттердің % мөлшерлері плазмобласттармен салыстырғанда
кішілеу келеді. Бұлардың цитоплазмасы анық көкшіл түске боялады. Себебі,
гранулалы эндоплазмалық тордың саны жедел көбейіп, олардың өзекшелері
кең қапшыктарға айнала бастайды. Эндоплазмалықтор өзекшелерінің
аралықтарында майда митохондриялар болады.
Жетілген плазмоциттердің мөлшері 8-10 мкм. Пішіні сəл сопақ жəне
бұрышты
келген
плазмоциттердің
дөңгелек
ядросы
базофилді
цитоплазмаларының
бір
шетіне
ығыса
орналасады.
Плазмоциттер
ядроларының маңындағы ақшыл келген аймақта Гольдж кешені мен
центросоманы көруге болады. Цитоплазманың қалған бөлігінде гранулалы
эндоплазмалық тор өзекшелері бір-біріне тығыз қабаттасып жатып, оның
көкшіл түске боялуына əсерін тигізеді. Эндоплазмалықтор өзекшелерінің
сыртқы жағында көптеген полисомалар орналасады. Эндоплазмалық тордың
күшті
жетілуі
—
антиденелерді
құрайтын
белоктардың
белсенді
түзілетіндігінің айғағы. Жетілген плазмоциттер бөлінбейді. Қызметін
тоқтатып ескірген плазмоциттерді макрофагтар фагоцитоз арқылы жояды.
Плазмоциттер
борпылдақ
дəнекер
ұлпасында,
көбіне,
қанмайында,
көкбауырда, лимфа түйіндерінде) көбірек кездеседі. Плазмоциттер иммунды
денелерді түзіп, оларды организмнің ішкі сұйық ортасына шығарады да,
организмдегі
сұйықтық
(гуморальдық)
иммунитетті
қалыптастырады
тамырлары маңында орналасады. Олар, əсіресе, ішектер кілегейлі
қабықтарының өзіндік тақташаларында, шарбыларда, сұт, сілекей жəне т.б.
бездердің стромаларында, қан жасау мүшелерінде (сүйектің қызыл кемігі.
Достарыңызбен бөлісу: |