Морфология


сүйек  пластинкаларының



Pdf көрінісі
бет226/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   1132
сүйек 

пластинкаларының 

жүйесі 

жəне 


ішкі 

жалпы 

сүйек 

пластинкаларының  жүйесі  орналасады.  Сүйек  пластинкаларының 

аралықтарында остеоциттер бір қатарда жатады. 

Сыртқы 

жəне 


ішкі 

жалпы 


сүйек 

пластинкалары 

жүйелерінің 

аралығындағы  қатты  сүйек  затын  сүйек  ұлпасының  құрылымдық  бірлігі  — 

остеондар  (сүйек  пластинкаларының  гаверстік  жүйелері)  жəне  олардың 

аралықтарындағы сүйек пластинкаларының ендерме жүйелері құрайды. 

 

62 — сурет. Жілік денесі (диафизі) қабырғасының құрылысы. 

1 — сүйекқап, 2 — қан тамырлары, 3 — сыртқы жалпы сүйек пластинкаларының 

жүйесі, 4 — остеон (гаверс жүйесі), 5 — сүйек пластинкатарының ендірме жүйесі, 6 — 

остеон өзегі, 7 — фолькман өзегі, 8 — тығыз сүйек заты, 9 — кемік сүйек заты, 10 — ішкі 

жалпы сүйек пластинкаларының жүйесі. 

 



134 

 

Остеонды  бірінің  ішіне  бірі  кіріп,  концентрлі  шеңберлер  сияқты 



орналасқан,  пішіні  цилиндр  тəрізді  сүйек  пластинкалары  түзеді.  Сүйек 

пластинкалары  бір-бірімен  оссеомукоид  арқылы  желімденген,  қалыңдығы 

10—150  нм  оссеин  талшықтарынан  құралған.  Остеонның  орталығындағы 

диаметрі  20—30  мкм  остеон  өзегі  бойымен  сүйекті  қоректендіретін  қан 

тамырлары  өтеді.  Тығыз  сүйек  затындағы  остеондардың  орташа  диаметрі 

100—170 мкм, ал оның қабырғасын 3 -тен 20 -ға дейін сүйек пластинкалары 

құрайды. 

Сүйек  пластинкаларының  ендірме  жүйесі  —  қабырғалары  бұзылған 

бұрынғы 

остеондардың 

қалдығы. 

Құрылысы  остеон  қабырғасының 

құрылысына  ұқсас  остеоциттер  қатарлары  мен  олардың  аралықтарындағы 

сүйек пластинкаларынан тұрады. 

Сыртқы  жəне  ішкі  сүйек  пластинкаларының  жүйелері  құрылысы 

жағынан  остеон  қабырғасына  ұқсас.  Сүйек  ұлпасын  сыртынан  сүйекқап 

қаптап  жатады.  Сүйекқаптағы  қан  тамырлары  остеондар  өзектеріне  өтіп, 

оларды  бойлай  таралып,  сүйек  ұлпасын  қоректендіреді.  Сынған  немесе 

жарылған  сүйектерді  сүйекқаптың  ішкі  қабатындағы  остеобласттар  сүйек 

ұлпасын түзу арқылы қалпына келтіреді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет