Морфология



Pdf көрінісі
бет262/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   1132
Синапстың  құрылысы.  Синапс  екі  полюстен  немесе  екі  синапс 

төмпешігінен  тұрады.  Синапсалды  полюсті  бірінші  нейроцит  тарма-ғының 

соңғы  ұшы  құрайды.  Оның  нейроплазмасында  митохондриялар  мен 

медиаторлар  көпіршіктері  болады.  Екінші  синапссоңы  полюсті  екінші 

нейроцит  немесе  бұлшық  ет  талшығы  түзеді.  Оның  цитоплазмасында 

митохондриялар 

мен 

көпіршіктер 



көрінбейді. 

Бірінші 


нейроциттер 

плазмолеммалары  синапсалды,  ал  онымен  байланыса  жалғасатын  екінші 

нейроциттер  немесе  орындаушы  мүшелердің  плазмолеммалары  синапссоңы 

жарғақтарын жасайды. Синапс төмпешіктерінің синапсалды жəне синапсоңы 




151 

 

жарғақтары  аралығында  ені  20  нм  -дей  синапс  саңылауы  қалады.  Жүйке 



толқьшыньщ  əсерінен  бірінші  нейроциттегі  медиаторлар  синапсалды 

төмпешігінің  жарғағы  арқылы  синапс  саңылауына  шығарылып,  олардың 

əсерінен  екінші  нейроцитгің  синапссоңы  төмпешігінде  жүйке  толқышы 

пайда  болады.  Осының  нəтижесінде  медиаторлар  жарғақ  арқылы  екінші 

нейроциттің синапссоңы төмпешігінің цитоплазмасына өтіп, қозуды одан əрі 

таратады. Синапс жүйке толқындарын тек бір бағытта ғана өткізіп, қозу жəне 

тежелу процестерін реттеп отырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет