205
бастарының буындары қабырғалар бастарының көкірек омыртқалары
денелерінің қабырғалық ойыстарымен байланысуынан құралады. Қабырға-
көлденең өсінді буындарын көкірек омыртқаларының көлденең өсінділері
мен қабырғалар төмпектерінің байланысы түзеді. Аталған буындар
құрылысы жағынан қарапайым буындарға жатады. Қабырға бастарының
буындарында қабырғалар бастарын омыртқа ойыстарымен жалғастырып
тұратын буындар ішіндегі байламдар жəне бір омыртқаның екінші қарама-
қарсы жағындағы осындай қабырғалар бастарын бір-бірімен өзара
байланыстыратын қабырғалар бастары аралық байламдар болады.
Достарыңызбен бөлісу: