Жамбас сүйектерін құрайтын мықын, шат жəне шонданай сүйектері,
кейбір тілерсек сүйектері бір-бірімен синостоз, екі жақтың жамбас сүйектері
синхондроз (симфиз) арқылы тұтаса байланысады. Аяқ сүйектері құрылысы
мен қызметі əр түрлі қозғалмалы буынды байланыстар түзеді. Құйымшақ-мықын буыны (articulatio sacro-iliaca) құйымшақпен
мықын сүйектерінің құлақша беттерінің жанаса байланысуы нəтижесінде
түзілген қарапайым, тегіс жалпақ буын. Буын қапшығынан басқа, дорсальды