7. Жоғарғы еріңді түсіргіш бұлшық ет (m. depressor labii superioris)
сойдақ тіс бұлшық етпен бірге басталып, жоғарғы ерінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Бұл бұлшық ет жылқыда болмайды.
Қызметі. Жоғарғы ерінді төмен тартады.
8.Төменгі ерінді түсіргіш бұлшық ет (m. depressor labii inferioris) ұрт
бұлшық етімен бірге басталып, төменгі ерінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Итте болмайды.
Қызметі. Төменгі ерінді томен тартып түсіреді.
Шайнау бұлшық еттері
1. Үлкен шайнау бұлшық еті (m. masseter) бет доғасы мен бет қырынан
(төмпегінен) басталып, төменгі жақ сүйектің аттас ойысында аяқталады.
Еттің беткей қабаты бет қырынан, ал терең қабаты бет доғасынан басталып,
төменгі жақ сүйектің үлкен шайнау бұлшық ет шұңқырында аяқталады.
215
Достарыңызбен бөлісу: |