Жануарлар морфологиясының Қазақстандағы даму тарихы.
Қазақстанда жануарлар морфологиясы ғылымдарының даму тарихы 1929
жылдан, яғни Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қара
шаңырақтарының бірі — Алматы зоотехникалық — мал дəрігерлік
институтында бірінші ашылған жеті кафедраның қатарындағы анатомия мен
гистология жəне эмбриология кафедраларынан басталады.
Анатомия кафедрасын коп жылдар бойы меңгеріп, морфологияның
биоморфологиялық бағьптарының негізін қалаған ғалым, профессор Б. А.
Домбровский өз шəкірттерімен бірге (В. В. Колесников, Ф. М.
Мүхамедгалиев, А. Ф. Максименков, Г. К. Қонақбаев, Ш. М. Жақашев, Қ, Б.
Бердоңғаров т. б.) төменгі тұлға еттерінің, вегетативтік жүйке жəне қан
тамырлар жүйелерінің биоморфологиясын зерттеуде жануарлар анатомиясы
ғылымына үлкен үлес қосты. Кейінгі жылдарда қой мен түйе малдары
бүйректерінің биоморфологиясын, олардың жастарына байланысты зерттеу
(А.Ф.Шапилов, С. К. Исембергенова), Қазақстанның оңтүстік еңірінде
өсірілеұлпа жаңа қой тұқымдарының (қазақтың етті-жүнді, қазақтың
биязылау жүнді, оңтүстік қазақ мериносы қойлары) тірек-қимыл аппараты,
тері жабыны жəне ішкі мүшелерінің биоморфологиясын зерттеу (К.
Жаңабеков, Ж. А. Рахимжанов, Т.Н. Несіпбаев, С. К. Исембергенова т.б.)
арқылы аталған мал тұқымдары төлдерінің, олардың өнімдік бағыттарына
сəйкес өніп-өсуіңдегі биологиялық зандылықтар анықталып, осы мал
тұқымдарын
асылданыру
жұмыстарымен
шұғылданатын
ғалым-
селекционерлерге ұсыныстар жасалынды.
Тұңғыш гистологиялық зертгеулерді 1929-1936 жылдар аралығыңда
гистология кафедрасын басқарған В.ВАвербург, одан кейін 1936-1945
жылдарда меңгерген В.В.Колесников ұйымдастырды. Гистологияның
Қазақстандағы қарқынды дамуы академик Фазыл Мұхамедғалиұлы
Мұхамедғалиевтың есімімен тығыз байланысты. Дарынды ғалым, ұстаз,
таланпы ұйымдастырушы Ф. Мұхамедғалиұлы аталған институттың
39
гистология жəне эмбриология кафедрасын 1945- 1962 жылдарда меңгеріп,
елімізге белгілі оқымыстылар дайындауда ауқымды еңбек етті. Академик Ф.
Мұхамедғалиұлының жетекшілігімен бастапқы кезде гистология жəне
эмбриология кафедрасында, 1962 жылдан бастап ҚР ұлттық академиясы
эксперименталъды биология институтында гистологиялық, электронды
микроскопиялық, эмбриологиялық көлемді ғылыми зерттеу жұмыстары
жүргізіліп, осы бағытта ұлттық ғалымдар дайыңдау жұмысы іс жүзіне асты.
Бұл кісінің шəкіртгері О. И. Бердоңғарова, К, Ш. Баймұқамбетов, А. Ф.
Шапилов, М. М. Тойшыбеков, P. А Тоқгамысова, Б. О. Исаев, Б. Əбішов, К.
Жаңабеков, Р. Б. Əбілдінов т.б. əр түрлі мал тұқымдары онтогенезіндегі
мүшелер микроморфологиясы мен гистохимиясы, эмбриондардың əр түрлі
кезеңдердегі дамуы мен оларды тұқым аралық ауыстырып салу арқылы
құнды генотиптерді көбейту тақырыптарында ғылыми зертгеу жұмыстарын
жүргізіп,
гистология
мен
эмбриология
ілімдерінің
Қазақстандағы
қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлестер қосты.
Ф. М. Мұхамедғалиев шəкірттерінің бірі — профессор A. M.
Мұрзамадиевтің басшылығымен жасушалық, ядролық, хромосомалық
деңгеңдегі зертгеулер жүргізіліп, жануарлар цитологиясының дамып
калыптасуына
үлкен
септігін
тигізді.
Экспериментальды
биология
институтында профессор I. А. Шағыров өз шəкірттерімен қой тұқымдарының
салыстырмалы эмбриологиялық дамуын, профессор Т. М. Мəсенов өз
шəкірттерімен сүтқоректілер өклесінің салыстырмалы морфологиясын
зерттеді. Қазақстандағы биоморфологияның негізін салған академик Б. А.
Домбровскийдің шəкірті К. Б. Бердоңғаров өз шəкірттерімен бірге жануарлар
тамырлар жүйесінің биоморфологиясын зерттеп, гистологияның дамуына зор
үлес қосты.
Бұрынғы Семей зоотехникалық-малдəрігерлік институтында профессор
Н. А. Гороховский қой мен қос өркешті түйе ұрық- жолдасын (плацентасын),
профессор 3. Қ, Тоқаев қой мен марал жыныс аппаратының макро жəне
микроморфологиясын зерттеп, өз дəрежелерінде гистологияның дамуына
үлестерін қосты.
Қазіргі кезде С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеұлпаде
профессор А. Ы. Ғазизованың жетекшілігімен жануарлар макро- жəне
микроморфологиясын дамытуда елеулі еңбектер жүргізілуде. Сондай-ақ,
осындай ғылыми зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан жəне Семей
университеттерінде де жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ҚР -ның басқа да
жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарында көптеген
морфолог ғалымдар жануарлар макро- жəне микроморфологиясын одан əрі
дамыта зерттеуде жемісті еңбек етуде.
Еліміз егемендік алып, жоғары жəне орта оқу орындарында оқу процесі
қазақ тілінде жүргізіле бастауына байланысты, ана тілімізде оқулықтар мен
оқу құралдары дайындалып, баспа беті арқылы жануарлар морфологиясы
салаларына арналған тұңғыш туындылар жарық көре бастады. 1996 жылы
жоғары оқу орындарының мал дəрігерлігі факультеттері студенттеріне
40
арналған "Жануарлар анатомиясы" (авторлары К. Жаңабеков, Е. Мақашев)
атты оқулық, 2004 жылы мал дəрігерлігі мамандығы бойынша орта кəсіптік
білім береұлпа оқу орындары студенттеріне арналған "Цитология, гистология
жəне эмбриология негіздері" (авторлары К. Жаңабеков, Г. К. Жаңабекова)
атты оқулық баспа беұлпаде жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |