X тарау. ІШКІ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
Ішкі мүшелер жүйелері құрылысын зерттейтін ілімді splanchnology
(лат. viscera; грек, splanchnos — ішкі мүшелер; logos — ілім) — деп
атайды. Ішкі мүшелер жүйелеріне азық қорыту, тыныс алу, зəр бөлу жəне
көбею (аталық жəне аналык) мүшелері жатады. Бұлар негізінен дененің
көкірек, құрсақ жəне жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы
ортамен денедегі табиғи тесіктер арқылы қатысады. Ішкі мүшелер жануарлар
организмі мен қоршаған сыртқы орта арасындағы зат алмасу жəне көбею
процестерін іс жүзіне асырады. Азық қорыту аппараты (apparatus
digestorius) организмді қоректік заттар жəне сумен, тыныс алу аппараты
(apparatus respiratorius) оттегімен қамтамасыз етеді. Зат алмасу нəтижесінде
қалдық жəне пайда болған ыдырау өнімдері: азық қалдығы, азық қорыту,
көмірқышқыл газ, тыныс алу, белоктық жəне азоттық алмасу өнімдері,
артықсу, керексіз тұздар, дəрі-дəрмектер, ұлы заттар зəр бөлу мүшелері
(organa uropoe-tica) арқылы сыртқа шығарылады. Аталық жəне аналық
Достарыңызбен бөлісу: |