Морфология


негізден  (tela  subserosa)  жəне  сыртқы  бірқабатты  жалпақ  эпителий



Pdf көрінісі
бет540/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

негізден  (tela  subserosa)  жəне  сыртқы  бірқабатты  жалпақ  эпителий 

кабатынан  немесе  мезотелийден  (mesotelium)  тұрады.  Дене  куыстарынан 

тыс  жатқан  мүшелер  (өңештің,  кеңірдектің  мойын  бөліктері,  көмекей, 

жұтқыншақ, тік ішек, кынап т.б.) сыртынан адвентиция қабығымен (tunica 

adventitia) қапталады. Ол борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. 



Қомақты  паренхималы  мүшелер  ішкі  мүшелер  жүйелері  құрамына 

жеке 


мүшелер 

ретінде 


кіреді 

немесе 


олар 

түтікше 


мүшелердің 

қабырғаларында  орналасады.  Олар  негізінен  ішкі  мүшелер  жүйелеріндегі 

бездер. 

Без  (glandula)  өзінен  арнайы  сөл  бөлетін  құрылысы  қомақты 

паренхималы  мүше.  Бездерге  сілекей,  өңеш,  қарын,  ішекбездерін,  бауырды, 

ұйқы  безін,  жыныс  бездерін,  бүйректі,  ішкі  секреция  (эндокринді)  бездерін 

т.б.  жатқызуға  болады.  Шығару  өзегі  арқылы  сыртқы  ортаға  шығарылатын 

без  сөлі  секрет,  ал  организмнің  ішкі  сұйық  ортасына  (қанға,  лимфаға,  ұлпа 

сұйығына)  бөлінетін  бөліндіні  инкрет  —  деп  атайды.  Жануарлар  денесінен 

сыртқы  ортаға  шығарылатын  ыдырау  өнімдері  мен  ұлы  заттарға  бай, 

организмге керексіз бөліндіні экскрет (зəр, тер т.б.) — дейді. 




258 

 

Без  құрылысы  жағынан  паренхималы  мүше.  Ол  бір-бірімен  тығыз 



байланыста  қызмет  атқаратын  паренхимадан  жəне  стромадан  тұрады. 

Паренхима (parenchyma) бездің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы бөлігі. 

Бездердің паренхимасын негізінен безді эпителий ұлпасы құрайды. Ал кейбір 

эндокринді  бездерде  без  паренхимасы  жұйке  ұлпасынан  да  тұрады.  Строма 

(stroma)  без  паренхимасы  бөліктерін  өзара  байланыстырын,  безді  біртұтас 

мүше  ететін  дəнекер  ұлпалық  аралық.  Строма  арқылы  безді  қоректік 

заттармен  қамтамасыз  ететін  қан  мен  лимфа  тамырлары  жəне  без  жұмысын 

реттейтін жүйкелер өтеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет