310
Мұрын кіреберісі мен өзіндік мұрын қуысы шекарасындағы қатпарда
мұрын-көзжасы тесігі (osnium nasolacrimalis) көрінеді. Бұл тесікке мұрын
куысын көзжасы қапшығымен байланыстыратын мұрын-көзжасы өзегі
(ductus nasolacrimalis) ашылады.
Көзжасы мен мұрын қуысы кілегейлі қабығындағы бездер бөлінділері
ауаны дымқылдандырып тұрады. Сонымен қатар, кілегейлі қабық астында
көптеген қан тамырларынан түзілген веналық өрім (plexus venosus nasi)
болады. Ол ауаның жылынуын қамтамасыз етеді. Вентральды мұрын
жолының алдыңғы жағандағы күректіс өзегі (ductus incisivus) арқылы мұрын
куысы ауыз қуысымен қатысады. Бұл өзекке жануарларда иіс сезімі қызметін
атқаратын мұрын-соқалық мүше өзегі (ductus organon vomeronasal)
ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: