Морфология



Pdf көрінісі
бет995/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   991   992   993   994   995   996   997   998   ...   1132
малдар  мен  шошқада  бұл  түйіндер  майда  болып  келеді,  олар  анустың  екі 

қапталында жатады. 

 

НЕГІЗГІ ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ 

 

Лимфаны  бүкіл  жануарлар  организмдерінен  жинап,  венаға  кұйылуын 



қамтамасыз ететін негізгі лимфа тамырларына: бел цистернасы, көкірек өзегі, 

оң лимфа бағаны, бел, ішек жəне кеңірдек өзектері жатады. 



Көкірек  өзегі  (грудной  проток)  —  ductus  thoracicus  —  құрсақ 

қуысындағы  бел  цистернасынан  басталатын  ең  ірі  лимфа  тамыры.  Бұл  өзек 

лимфаны  бастың,  мойынның,  көкірек  қабырғасының  оң  жақ  жартысы  жəне 

оң аяқтан басқа, жануарлар денесінің 3/4 бөлігінен жинайды. 

Көкірек өзегі көкірек қолқасының оң жағында жатады. Қолқа доғасының 

алдында  ол  өңеш  пен  кеңірдектің  сол  жақ  бетіне  өтіп,  S  əрпі  тəрізді  иілім 

жасайды  да,  бірінші  қабырғаның  алдыңғы  жиегі  тұсында  кеңейіп  барып, 

алдыңғы қуыс венаға немесе күретамыр венасының соңғы ұшына жалғасады. 



Бел  цистернасы  (поясничная  цистерна)  —  cisterna  chyli  —  диафрагма 

аяқшаларының  аралығында,  қолқаның  жоғарғы  жағы  мен  оң  қапталында, 

алғашқы  бел  омыртқалардың  астында  орналасады.  Оның  пішіні  ұзынша 

келген  сопақ  қапшық  тəрізді.  Бел  цистернасына  бел,  каудальды  шажырқай 

жəне медиальды мықын лимфа түйіндерінен лимфаны жинайтын: бел лимфа 

бағандары мен ішек бағаны кұяды. Ішек бағаны лимфаны қарын мен ішектің 

лимфа түйіндерінен қабылдайды. 



447 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   991   992   993   994   995   996   997   998   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет