Ms access деректер базасы. 1 Деректер базасының құрылымы


Кестелер арасындағы байланыстарды құру



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата05.12.2022
өлшемі361,11 Kb.
#55015
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2.7. Кестелер арасындағы байланыстарды құру 
МББЖ-нің негізгі артықшылығы жеке кестелермен емес,өзара байланысқан 
кестелер тобымен жұмыс істеу кезінде көрінеді. Access-те кестелер арасындағы 
байланыстарды құру үшін Мәліметтер схемасы деп аталатын арнайы сұхбаттық терезе 
бар. Бұл терезені Сервис – Мәліметтер схемасы командасымен немесе саймандар 
тақтасында өзімен аттас түймені шерту арқылы ашуға болады. 
Егер МБ-дағы кестелер арсында бұрын ешқандай байланыс болмаса, онда 
Мәліметтер схемасы терезесін ашу кезінде кестелерді қосу (толықтыру) терезесі бірге 
ашылады. 
Кестелерді қосу терезесінде кесте аралық байланыстар құрылымына енгізетін 
қажетті кестелерді таңдауға болады. Ал, егер кестелер арсындағы байланыстар осыған 
дейін орнатылған болса, онла Мәліметтер схемасына жаңа кесте енгізу үшін, оның 
мәзірінде кестені қосу бөлімін таңдау қажет. 
Мәліметтер схемасында байланыстыруға қажет барлық кесте таңдалып болған соң, 
осы кестелер өрістері арасында құруға кірісу керек. Ол үшін бір кестедегі өріс атауын 
екінші кесте оған сәйкес байланысқан өріс атауына қарай тасу керек. Өріс тасып болған 
соң, құрылған байланыстар қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін Байланыс 
сұхбаттық терезесі ашылады (2.10). Байланыс терезесінде Мәліметтердің 
біртұтастығымен жабдық Байланысқан өрістерді каскадты жою деген үш параметр бар. 
Мұнда берілгендердің біртұтастығын жабдықтау параметріндегі жалау орнату бір 
кестедегі жазбалардың жойылып кетуінен сақтандырады. Біртұтастық шарты бар болуы 
үшін негізгі кестенің өрісі болуы қажет және байланысатын екі өрістің типі бірдей болуы 
керек. Ал, қалған екі параметр негізгі кестед берілгендерге өзгеріс енгізу кезінде оған 
бағынышты барлық кестелердегі мәліметтердің бір мезгілде өзгеруін яғни, олардың 
қойылуы мен жаңаруын қамтамасыз етеді. Мысалы, бір қызметкердің фамилиясы 
өзгерген болса, онда оны қызметкерлер кестесіндегі фамилия өрісінде ғана өзгерту 
жеткілікті, ал қалған байланысқан кестелерде ол автоматты түрде өзгереді. 
Кестеаралық байланыстардың 4 типі бар: “көбі-біріне”(
);“бірі-көбіне”(
);“бір-
біріне”(
) және “көбі-көбіне”(
). Мұндай байланыстар кезінде бірінші кесте басты, ал 
екіншісі оған бағынышты кесте д.а. Яғни, “көбі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты 
кестедегі бірнеше жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба, “бірі-көбіне” типтегі 
байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бірнеше жазба, ал 
“бірі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты 
кестедегі бір ғана жазба сәйкес келеді. Төртінші “көбі-көбіне” типтегі байланысты 
орнату үшін көмекші кесте қажет болады. Бұл жағдайда басты кесте мен көмекші кесте 


арасында “көбі-біріне” байланысын, ал көмекші мен бағынышты кесте арасында “бірі-
көбіне” байланысынорнату қажет. 
Сонымен Мәліметтер схемасы терезесінде жоғарыда айтьылған кестелер 
арасындағы байланыстардың типтері көрнекі түрде бейнеленеді. 2.9-суретте “бірі-
көбіне” типтегі байланыс кескінделген. 
Орнатылған байланысты жою үшін, осы байланыс сызығында тышқанның оң жақ 
түймесін шертіп, пайда болған контексті мәзірдегі Жою командасын қолдану керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет