Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет14/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   200
Азан дұғасы. Күнделікті бес уақыт азан айтылғаннан кейін оқылатын дұға. 
Азаннан кейін Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтылып, азан дұғасы оқылуы 
керек. Азан дұғасының оқылуы: «Аллаһуммә Рабба һәзиһид-даъуатит-тәммәти, уәс-
саләтил-қайимәти, әти Мухаммадән әл-уасиләтә уәл-фадыйләтә, уәбъасһу мақаман 
махмуданил-ләзий уәъәдтәһ».Мағынасы: Уа, Аллаһ! Осы азан мен оқылатын на-
маздың Раббысы! Мұхаммедке шапағат ету құқығы мен ерекшелікті бер және оған 
Өзің уәде еткен мақтаулы орында қайта тірілте гөр! Азаннан кейін бұл дұғаны ай-
тудың абзалдығы бірнеше хадис келген. 
Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадис- 
те: «Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Кім азанды естіген кезде «Аллаһуммә Раббә һә-
зиһид-даъуатит-тәммәти, уәс-саләтил-қайимәти, әти Мухаммадән әл-уәсиләтә уәл 
фадиләтә, уәбъасһу мақамән махмуданил-ләзий уәъәдтәһ», – десе, Қиямет күні 
менің шапағатым оған халал етіледі», – деді», – делінген (Сахих әл-Бұхари).
Азаншы. Азан шақыратын адам. Мешітте бес уақыт намазға азан шақыратын 
адам бекітіледі. Сол адам азаншы деп аталады.
«Құлахметтің әкесі мешітте азаншы болған екен» (Д.Исабеков, Таңд. шығ.).
Азаншылық. Азан шақыру ісі. Ислам шариғатында бес уақыт намаз уақыт-
тарын бақылап, елді намазға шақыру ісі аса жауапкершілікті талап етеді.
«Азаншылық – аса ерекше мамандық. Пайғамбарымыз азаншылықтың ерек-
шеліктері туралы көптеген хадисте айтқан»(Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбай, 
Ислам ғылымхалы).
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): «Имам кеп-
іл, азаншы сенген адам. Уа, Аллаһ! Имамдарды дұрыс жолға сал, азаншыларды 
кешір», – деді», – деген (Сунан әт-Тирмизи). Яғни имамға басқару, қадағалау, сақтау 
міндеті жүктелген. Себебі ол адамдардың намаздарын сақтайды, дұрыс болуы үшін 
жауап береді. Ал азаншыға намаздың уақыттарын анықтау және дер кезінде азан 
шақыру міндеті жүктелген. Оған бұл міндет сеніп тапсырылған. Сондықтан олар-
ды мойындарына жүктелген міндетті дұрыс атқару үшін қажетті білімге бағыттау 
керек.
Азап. Шариғат заңдары бойынша, азап – пенденің діни талаптарға қарсы 
келіп істеген күнәсі үшін берілетін жаза. باذع «азап» сөзі араб тілінде «жазалау», 
қинау» деген мағыналарды береді. 
«Ислам діні және оның қағидалары бойынша, сот тарапынан берілетін жаза 
да, Қиямет күні берілетін жаза да «азап» деп аталады» (ҚҰЭ). 
Азап қылмыс үшін қазының белгілейтін жазасы немесе адамның бұл дүни-
едегі күнәсі үшін о дүниеде алатын жазасы ретінде қарастырылады. Сонымен бір-
ге қабір азабы да осыған жатады (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова, Қазақстан руханияты 


19
мен мәдени ескерткіштерінің энциклопедиясы). 
Жаһаннам азабын тартып жататындардың ішетіндері – ыстық қайнаған су 
мен қан аралас ірің. Тозақ олар үшін бейне бір зындандай болып, олардың дене 
бітімдері жанып біткен сайын ет пен тері қайта кигізіліп, мәңгілік азап шегеді 
(С.Сейтбеков, Иман негіздері). 
Қазақ тілінде «азаптау» сөзі жалпы «жазалау», «қинау», «зәбір көрсету» де-
ген мағыналарды береді.
Азғыру. Дұрыс, тура жолдан тайдыру, жақсы адамды бұзу. 
«Азғырды сайтан кіріп жүрегіне, 
«Келді», – деп, – бір жақсылық тілегіңе» (Ә.Найманбаев, Шығ.). 
Діни әдебиеттерде «азғыру» сөзі «шайтанның адамды дұрыс жолдан тайды-
руы» деген мағынада қолданылады.
Азиз. زيزع – «күшті», «сирек» және «құнды» деген мағыналар береді. «Азиз» 
сөзі ақида ілімінде Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз атының бірі ретінде кездеседі. 
Ол Аллаһтың есімі ретінде «ұлы, жеңілуі мүмкін емес жеңімпаз» деген мағына бе-
реді. Хадис термині ретінде «тек қана екі рауи риуаят еткен хадис» деген мағына 
береді. «Азиз» деп бұл хадистің сирек кездесуінен немесе бір рауидің риуаятын 
екінші рауи қуаттап күш беріп тұрғандықтан, «азиз» деп аталған. 
Имам әл-Бұхари мен Муслим Әнәс ибн Мәликтен және әл-Бұхаридің өзі Әбу 
Һурайрадан риуаят еткен хадисте Мұхаммед пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа сәл-
ләм): «Сендердің еш қайсыларың мені әкесінен, баласынан және адамдардың бар-
лығынан артық жақсы көрмейінше иман келтірмейді», – деген. Осы хадисті Әнәстан 
Қатада мен Абдул-Азиз ибн Суһайб риуаят еткен. Қатададан Шуғба және Сағид, ал 
Абдул-Азизден Исмағил ибн Ғулайя және Абдул-Уарис риуаят еткен. Осы хадис 
сәнадына қарай «азиз» хадис саналады.
Қазақ тілінде «азиз» сөзі «әзиз» және «әзіз» деген нұсқада жазылып, тіл-
дік мағынасымен де жиі қолданылады. Ол сөз араб тіліндегі «күш», «қуат» деген 
мағыналарымен бірге «құрметті», «сыйлы», «қадірлі», «аяулы» деген мағыналарда 
да қолданылады. 
«Әйелдерге немқұрайды қарайтын 
Еркекті мен санамаймын еркек деп. 
Қай кезде де сұлулықтың жолы – мұз. 
Әйел біздің әзиз байлық қорымыз» (М.Шаханов, Ғасырлар.). 
«Едіге деген ер екен, өзінен бір жас үлкен болса, әзізім сіз білерсіз дер екен» 
(Мақал-мәтел).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет