Алла, Аллаһ. Құдай. 18 мың ғаламды, қиямет-қайымды жаратушы Құдай,
асқан құдірет иесі. Қазақ тілінде «Алла» сөзімен келетін тіркестер өте көп. Жалпы
«Алла» сөзі ислам дінімен тікелей байланысты. Бұл – абсолюттік мағынаға ие сөз.
25
Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде «Алла» сөзімен келетін көпте-
ген тіркес келтірілген. Мысалы, Алла ақырын берсін, Алла бағын ашсын, Аллаға
аманат, Алла берсін, Алла бетінен жарылқасын, Аллаға дұға айтсын, Алла біледі,
Аллаға жалбарынды, Алланың жазғаны, Алла разы болсын, Аллаға шүкір, Алла
деп, Алласы аузында, Алла тағала, Алла жар болсын, Алла қабыл етсін, Алла қуат
берісін, Алланың әмірі, Алланың бұйрығы, Алланың нұры жаусын, Алланың сүй-
ген құлы, Алла сақтады, Алла тағаланың дидары, Раббым Алла және т.б.. Осы және
қазақ тіліндегі басқа тіркестерге қарайтын болсақ, «Аллаһ» сөзінің адамдарды жа-
ратушы және құлшылыққа лайықты, жердем беруші құдіретті күш иесі «Жалғыз
Құдай» деген мағынада қолданылатындығын аңғаруға болады.
«Жәрдем бергіл біздерге, Жалғыз Алла,
Тұғыры жолды асан барша жанға.
Шариғаттан тысқары сөз сөйлейтіп,
Шәрменде қылып, дозаққа бізді салма» (Бабалар сөзі).
«Замана, шаруа, мінез күнде өзгереді,
Оларға кез кезімен нәби келеді.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф Алла еш жерде өзгермеді» (Абай, Тол. жин.).
«Сықырлап келіп қалған қысы қандай,
Қар жауып, су қатырған мұзы қандай.
Берген соң, Алла қуат жан сақтарлық,
Жүреді мақұлықтар үсік шалмай» (М.Дулатов, Шығ.).
«Айтқанынша Сайынның Қобыланды бата береді:
Алла ашсын жолыңды.
Ұзын қылсын қолыңды!
Танып жүргін, е, балам,
Оның менен солыңды!» (Батырлар жыры).
Аллалап. Жауға шабарда немесе додаға түсерде рухтану мақсатында Ал-
лаһтың атын айтып, Бір Аллаһтан медет сұрап жалбарынғанда қолданылатын
одағай сөз.
Келді, қалмақ қамады,
Сарала туы салбырап,
Қабағы тастай түйіліп,
Аллалап Тарғын шабады (Батырлар жыры).
Аллаһ елшісі – Мұхаммед пайғамбарғақатысты айтылатын құрметті атау.
Яғни Аллаһтың адамзатты дұрыс жолға шақыру үшін жіберген елшісі. Жалпы,
Аллаһ елші етіп жіберген пайғамбарлар көп. Бірақ мұсылмандардың еңбектерінде
«Аллаһ елшісі» деген атау көп жағдайда Мұхаммед пайғамбарға қолданылады.
26
Аллаһ расулы. الله لوسر. Аллаһ елшісі. Кеңес үкіметі тұсында қазақ тілінде
архаизмге айналып, тәуелсіздіктен кейін қайта актив қорға енген сөздердің бірі.
«Сахабалар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тірі екенін айтса да, өз көзімен көрмей-
інше көңілі көншімеді. Жанындағылардан Аллаһ расулының қайда екенін сұрап
алып, бөгелместен сол жаққа қарай бет алды» (А.Әбілбаев, Кемелдік кілті).
Достарыңызбен бөлісу: |