27
жиынтығы деп, оларды: коммуникативтік сауаттылық (мәдениет туралы білім,
фразаларды қисынды түрде жасай білу және ойларды баяндау, өз көзқарасын
дәлелдей білу); коммуникативтік құзыреттілік (коммуникация саласындағы
тұрақты дағдылар, вербалды және бейвербалды өзара іс-қимыл жасау қабілеті,
тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас
нормаларын меңгеру
дағдылары, эмоциялық тұрақтылық, эмпатияға қабілеттілік, өзін-өзі бақылау
және коммуникабельділік, сөйлеу мәдениеті); кәсіби қарым-қатынас (кәсіби
қатынастар әлеміне кіруге дайын болу, көпмәдениетті кәсіби ортада
конструктивті диалогқа қабілетті болу, қарым-қатынас үдерісінде бастаманы
ұстай білу және коммуникативтік жағдайды
дамыту мен шешудің ықтимал
нұсқаларын болжау, жағдайға эмоциялық икемдеу, диалогта психологиялық
кедергілерді жеңу) деп тұжырымдайды.
Жоғарыдағы келтірілген теориялық талдауларды тұжырымдай келе
педагогикалық зерттеулердегі коммуникативтік мәдениет ұғымына берілген
анықтамаларды келесідей топтастыруға болады: коммуникативтік құзыреттілік
ретінде, мәдени құндылықтарды және кәсіби қызметке эмоционалды-құндылық
қарым-қатынас тәжірибесін біріктіруші тұлғаның сапасы; тұлғаның кәсіби
маңызды сапасы ретінде, білім беру үдерісі субъектілерінің өзара түсіністігіне
қол жеткізуге мүмкіндік беретін коммуникативтік біліктерді, құндылықтар мен
тәжірибелердің бірігуі; әріптестермен байланыс орнатуға, қарым-қатынас
процесінде нақты қабылдау мен түсіністікке қол жеткізуге, серіктестердің
мінез-құлқын болжауға мүмкіндік беретін адамдардың өзара іс-қимылын
ұйымдастыру саласындағы білім, білік, дағды.
Ғылыми зерттеулерді талдау қазіргі уақытта педагогикалық шын мәнінде
«коммуникативтік мәдениет» ұғымын анықтаудың бірыңғай тәсілі жоқ екенін
көрсетті.
Жоғарыда келтірілген теориялық зерттеулердің негізінде біз болашақ
ағылшын тілі мұғалімінің коммуникативтік мәдениетін - тұлғааралық кәсіби
коммуникативтік ауызша және жазбаша қарым-қатынасты ұйымдастыруда
өзара түсіністікке қол жеткізуді, мақсатты және тиімді ақпарат алуды
қамтамасыз ететін тұлғаның жалпы мәдениетінің құраушысы деп
анықтадық.
Зерттеу мәселемізге байланысты болашақ ағылшын тілі мұғалімінің
коммуникативтік мәдениетінің тұжырымдалған анықтамасы негізінде оның
құраушыларын айқындау қажет.
И.Л.Берегова коммуникативтік мәдениет құрылымын мазмұндық,
мотивациялық және жеке–іс-әрекет құраушыларының жиынтығы ретінде
көрсетеді [97].
В.Н.Панкратов когнитивті-мотивациялық, ұйымдастырушылық-әрекеттік,
танымдық және ақпараттық құраушылар коммуникативтік мәдениетті
қалыптастыру үдерісінде үлкен рөл атқарады деп санайды [98].
Е.В.Попова тұлғалық-құндылықтық құраушыны, ол
жеке-маңызды және
жеке-құндылықтық талпыныстар, идеалдар, сенімдер, көзқарастар, ұстанымдар,
адамның қарым-қатынастары, оның қызметі, айналасындағы -лармен өзара
28
қарым-қатынастар, қарым-қатынас үдерісіне қызығушылық, диалог ретінде
қарым-қатынас жасауға деген қарым-қатынас жүйесін білдіреді деп анықтайды
[99].
А.Ю. Сутугин коммуникативтік мәдениетті қалыптастырудың келесі
негізгі құраушылары мен тиісті критерийлерін келесідей анықтаған [100]:
- білімділік (жетекші критерий - тіл және сөйлеу мәдениеті);
- белсенділік (жетекші критерий - коммуникативтік еркіндік);
- мотивациялық-реттеушілік (қарым-қатынасқа ынталандыру, эмпатияның
қалыптасу деңгейі);
- мақсаттылық (қарым-қатынас жағдайындағы табыстар);
- ұйымдастырушылық (білімгерлердің ұйымдастырушылық қабілеті);
- білімгерлердің коммуникативтік мәдениетінің
даму деңгейін бақылауға
және оқу үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік беретін бағалау (коммуникативтік
басқару, рефлексия) нәтижелілік (жалпы мәдени) қраушылар.
Г.И.Захарова коммуникативтік мәдениеттің «қарапайым бірліктері»
коммуникативті білім, білік, дағды деп есептейді. Ол қарым – қатынас қабілеті-
күрделі құбылыс екенін көрсетеді,өйткені әр түрлі тәртіп пен сипаттағы
іскерліктің тұтас жүйесін білдіреді [101].
Ғылыми еңбектерді зерттеу барысында коммуникативтік мәдениетін
құраушыларын көптеген авторлар тарапынан түрліше анықталғандығы
анықталды (кесте 2).
Кесте
2.
«Коммуникативтік
мәдениет»
ұғымының
құраушыларын
зерттеушілердің анықтауы
Достарыңызбен бөлісу: