1.1 Музыкалық білім беру теориясының мәні Болашақта өз ісінің білікті маманы болғысы келетін музыка пәнінің мұғалімі музыкалық білім беру теориясынжете меңгеруі тиіс, онысыз кәсіби шеберлікке жету мүмкін емес.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегі мәселелерді қарастырады:
оқушыларды оқытып, дамытуда музыкалық тәрбие берудегі өнер мен педагогиканың қағида, заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік жасайды;
балаға музыкалық білім берудің субьектісі ретінде қарайды;
маман ретіндегі музыка пәні мұғалімінің өзіндік сапалық тұлғасын қалыптастырады;
музыкалық білім берудің біртұтас жүйелі үлгісін көрсетеді;
музыка пәні мұғалімі кәсіби қызметінің мәнін, түрлері мен ерекшеліктерін айқындайды.
Музыкалық білім беру теориясын меңгеру үшін музыка пәні мұғалімі
мына тезаурус яғни пәнге қатысты терминдерді білуі тиіс.
Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, музыкалық бейімдеу,
ынтасы сияқты т.б. ұғымдардың бірлігі,тұтастығы.
Музыкалық тәрбие беру термині екі мағынада қолданылады: тар мағынада психологиялық ұғымды – оқушының белгілі бір жекелеген сапалық қасиетін, тұлғалық ерекшелігін арттыру; кең мағынада – адамгершілікке, әсемдікке баулу.
Музыкалық оқыту термині де екі мағынада көрінеді: тар мағынада – оқушыларды музыкалық білімге, икемділікке, бейімділікке үйрету; кең мағынада – музыкалық бейімділігі, икемділігімен қатар оқушылардың шығармашылық әрекетіндегі сезімдік – құндылық қасиеттерін дамыту.
Оқушылардың музыкалық біліммен дамуы – музыкалық қызығушылығын, сезімін, қажеттілігін дамыту; музыкалық зейінін, жадым музыкалық шығармашылық ерекшелігін, орындаушылық, тыңдаушылық, тіпті компазоторлық қабілет әрекетін жан-жақты дамыту болып табылады.
Музыкалық білім беру педагогикасы, соның ішіндегі музыкалық білім беру теориясы оқушыларды тек музыка мәдениетіне баулып қана қоймайды, сонымен қатар музыка өнерін тұтастай меңгеретін, соның әсерін, қызметін зерттейді.
Сол себептен де жалпы мектептерге арналған оқулықтар талқылауға түскен кезде Д.Б.Кабалевский «Музыка» атауына жіті көңіл қойып тоқталғанда, ол негізінен музыка өнерін емес, жалпы музыкалық мәдениетті айтқан болатын.
Сондықтан да қазір Мемлекеттік стандарт бойынша «Музыка сабағы» делініп жүр.