меңгерген оқушы өз алдарына жеке-жеке жұмыс жасап, алған білімдерін
практикалық тұрғыда сауатты қолдана алдады. Дәстүрлі оқыту
жүйесіндегідей бір ережені бәрі бірдей қайталап шықпайды. Өзі талдап
отырған тақырыпты жан-жақты ғылыми тілде баяндап шығады.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау машықтығы қалыптасады.
Бесіншіден, әрбір тақырып өзге тақырыптар қатарынан оғаш, шешек
шыққан үйдей оңаша тұрмасын. Барлық тақырып көгеннің бұршағындай
тізіліп, ол тізілісте тетелестік болсын. «Сатылай кешенді оқыту»
технологиясында өткен барлық тақырыптар сызбаның өн бойында
сақталып, жаңа өтілетін материалға тірек болып, сабақтастықта
байланыстыра түсіндіруге негіз болады. Сондықтан білім оқушының
санасында қайталау және дағды арқылы тұрақталып, ұзақ уақыт естерінде
сақталады. Бұл мұғалімнің өткен материалды олардың естеріне қайта
жаңғыртып түсіру кезінде қиындық туғызбайды. Білім оқушының
санасында берік байланатындығы соншалық, алдыңғы сыныптарда өтілген
материалдар да олардың жадында сақталып қалады.
Алтыншыдан, бір тақырыпқа керекті, керексіз көп дерекерді
шоқпыттап тығып, тақырыптың басынан асырып тұншықтырмасын. Басы
тақырыптан, кіндік пікірден алыстап, қияға шығып кетпесін, артығының
бәрі қырналып, алып тасталсын. Бүгінгі таңдағы мектеп партасында
отырған оқушыларға нағыз керек тәсіл. Сондықтан «Сатылай кешенді
оқыту» технологиясында балаға әр тақырыптың ең керекті өзегі сызбаға
салып меңгертіледі. Көзімен көріп, жазып, есту арқылы меңгерген білім
оқушыға әлде қайда жеңіл, тұрақты болады.
Жетіншіден, тақырып таңдап алып, оны жұмыстанғанда жаттығу
есеп, тіл ұстарту, жазу, оқу, еңбек қылу, өнер жасауы деректері жеткендей
толық болсын (барлық сабақ уақытының 40 проценті немесе тең жарымы
жаттығу жұмыстарына арналған жөн). Сызба арқылы теориялық
материалды сауатты меңгерген оқушылар бұл айтылған мәселелерді өз
беттерінше орындауға толық мүмкіндіктерінің жететіндігін тәжірибе
дәлелдеп отыр. Ол оқушылардың бірінші сыныптан бастап жазған жеке
жұмыс дәптерлері мен жасаған қоржындарынан (портфолио) көрініс
тапқан.
Ж.Аймауытов комплекс жүйесінің пән жүйесінен артықшылығын
былайша көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: