Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет74/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Мотивацияның процессуалдық теориялары 

 

Бұл теориялардың барлығы мазмұндық концепцияларда ашып 

көрсетілген қажеттіліктердің болу мәнділігін таниды, бірақ олар 

адам  мінез-құлқы  тек  қана  олармен  анықталмайтынын,  ал  жағ-

дайды  қабылдауға,  таңдалатын  мінез  типінің  нәтижелерін  бол-

жауға тәуелді екендігін көрсетеді. 



В. Врумның «күту» теориясыКүту ұғымы мұнда тұлғаның 

белгілі  бір  оқиғаның  ықтималдығын  бағалауы  ретінде  анықта-

лады. Күту жетекшінің мотивтену мінезінің негізінде жатыр. 

Бұл теорияда негізгі зейін басты үш өзара байланысқа ауда-

рылады: 

1.  Еңбек  шығыны  мен  нәтижелердің  (Ш  –  Н)  өзара  байла-

нысуы  қатынасындағы  күту.  Егер  адам  олардың  арасында  тура 

байланыс барын сезсе, мотивтену өседі және керісінше. 

2. Нәтижелер мен марапаттаудың (Н – М) өзара байланысуы 

қатынасындағы  күту.  Егер  олардың  арасында  тура  байланыс 

байқалса, онда мотивация артады. 

3.  Күтілетін  мадақтау  немесе  марапаттаудың  субъективтік 



валенттілігі.  Валенттілік  –  белгілі  бір  марапаттау  нәтижесінде 

туындайтын  қанағаттану  немесе  қанағаттанбаудың  болжамдық 

құндылығы. Мотивтену валенттілікке байланысты өзгереді. 



190 

 

 Мінез-құлықтың  жалпы  мотивтенуі  (М)  осы  үш  өзара  бай-



ланыстың  функциясы  ретінда  анықталады.  Ол  келесі  байла-

ныспен беріледі:  

М = (Ш – Н) х (Н – М) х  валенттілік. 

Бұл  теория  басқару  практикасында  кең  қолданыс  тапты. 

Жетекшінің мотивациялану функциясын іске асыруы кезінде ол 

оны үш маңызды шартты сақтауға бағдарлайды: 

1)  атқарушылар  жұмсайтын  күш  қуаты  мен  нәтижелер  ара-

сындағы байланыстың сәйкестігіне қол жеткізу; 

2)  марапаттау  шамасы  мен  алынған  нәтиженің  сәйкестігін 

қамтамасыз ету; 

3)  әрбір  нақты  оқиғада  атқарушы  үшін  нәтижеге  марапат 

шынымен«валентті» ме, соны анықтау. 

«Адалдық»  теориясы.  Мұнда  нақты  жағдайларға  мотивтену 

қарқындылығына өте күшті ықпал ететін маңызды айналымы зерт-

теледі. Ол адамның басқалармен салыстырғанда өз марапаттауына 

әділдігінің  шамасын  және  ұйым  жұмысына  ол  қосатын  нақты 

үлеске сәйкестік тұрғысынан бағалауға қатысты болады. 

Қарсы  әсер  теориясы  алдыңғы  теориямен  тығыз  байланыс-

ты. Басқарудың мотивтену тұжырымдамаларының көпшілігі ат-

қарушылар  оларды  мотивтендіруді  қамтамасыз  етуге  бағыттал-

ған  басқару  іс-әрекетінің  пассивті  реципиенттерін  білдіреді. 

Қарсы әсер теориясы кері нәрсені дәлелдейді: атқарушылар ма-

рапаттау жүйесіне белсенді ықпал етуге тырысады. 



А. Портер мен Э. Лоулердің мотивтену моделі. Бұл – «күту» 

және «адалдық» теорияларын біріктірудің сәтті ұмтылысы. Адам-

ның қол жеткізетін нәтижелері келесі себептерге тәуелді: 

1) марапаттау құндылықтары; 

2) нақты қанағаттану дәрежесі; 

3) жұмсалатын және «қабылданатын» күш-жігер; 

4) адамның жеке ерекшеліктері мен қабілеттері; 

5) еңбек процесіндегі «рөлдік қабылдау». 

Нәтижелі  еңбек  қанағаттанудың  өсуіне  әкеледі,  сондықтан 

ол өзінше күшті мотив ретінде болады – бұл, міне, осы модель-

дің ең маңызды тұжырымы. Кері тәуелділікте ашып көрсетілген: 

атқарылған  жұмысқа  қанағаттану  сезімі  еңбек  нәтижелілігінің 

артуына ықпал етеді. 



191 

 

Портер-Лоулер  моделі  «еңбек  инвестициялары»  теориясын 



тұжырымдау үшін негіздердің бірі болды.  

Жұмысқа  неғұрлым  көп  күш  жұмсалатын  болса,  ол  адам 

үшін  соғұрлым  ынталандырушы  және  тартымды  фактор  болып 

табылады,  іс-әрекет  тиімділігі  және  оған  қанағаттану  соғұрлым 

жоғары  болады.  Еңбектің  мотивтенуі  мен  қарқындылығы  жи-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет