Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет89/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

IV тарау 

 

БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЙБІР 

МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 

 

 

 

 

4.1 Конфликтологиялық идеяларға тарихи шолу 

 

Дау-дамай жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуымен қатар да-



мыды  десек,  қателеспейтiн  шығармыз,  өйткенi  тiршiлiк  иесiнiң 

сұрыпталып,  сақталуы  үшiн,  тiршiлiк  етуiн  жалғастыру  үшiн 

күрес  жүргiзуге  тура  келедi.  Алғашқы  ғасырлардың  өзiнде-ақ 

адамзат өмiрiнде болған қақтығыстар мен олардың шешiлу жол-

дары  жайлы  көп  толғанған.  Дау-дамай  бұрыннан  ғылыми  зерт-

теудiң объектiсi болмаса да, оның өзiндiк тарихы бар және кей-

бiр  басқа  ғылымдармен  салыстырғанда  оның  тарихы  көне  за-

маннан  бастау  алады.  Ежелде  жанжалдың  пайда  болу  себебi, 

билiк үшiн, тiршiлiк үшiн күрес соғыстары болған.  

Қытай ойшылдары (б.з.д. VI-V ғ.) Лао-цзы: барлық тiршiлiк-

тiң  дамуы  –  инь  мен  янь  энергияларының  үйлесiмдiлiгiнде  деп 

тұжырымдаған.  

Тарихтан бiзге жеткен ежелгi грек философтарының айтыл-

ған  даналықтарын  қарастырсақ,  антикалық  философ  Гераклит 

(б.з.д. шамамен 530-470) дүниеде барлық заттар, ұғымдар  соғыс-

тың  арқасында  пайда  болған  деп  ойлайтын.  Ол  үшiн  «соғыс  – 

барлық нәрсенiң патшасы» [ 60].  

Платон (шамамен б.з.д.  428-348) соғысты ең ұлы жауыздық 

деп санап, соғыссыз өткен кезеңдердi «алтын ғасыр» деп атаған.  

 

Орта ғасырлардағы дау-дамай 

 

Ағылшын  материалист-философы  Френсис  Бэкон  (1561-



1626)  өзiнiң  «Саяси  және  адамгершiлiк  тәжiрибелерi  мен  нұс-

қаулары»  еңбегінде:  ауқатты  отбасында  туылған  адамның  ең-

бекке  деген  ынтасы  болмайды  және  ол  өзгелердiң  ынтасына 



225 

 

қызғанышпен қарайды. Адамдар арасында болатын қақтығыстар 



санын  бiрталай  азайтуға  болады,  тек  ол  үшiн  мемлекет  мате-

риалдық  жағдайды  жақсартып,  адамдардың  сұраныстарын  қам-

тамасыз етiп отыруы қажет деп тұжырымдайды.  

Томас Гоббс (1588-1679) 1651 жылы шыққан өзiнiң «Левиа-

фан  немесе  Материя,  мемлекеттiң  азаматтық  шiркеу  формасы 

мен  билiгi»  атты  әйгiлi  трактатында  дау-дамайдың  негiзгi  үш 

себебiн  көрсетедi:  бәсекелестiк,  сенiм  бiлдiрмеу,  атақ-даңққа 

құмарлық.  

Жер  шарының  қай  жерiнде  болмасын,    әрбiр  адам  әртүрлi 

жағдайларда  «конфликт»  (дау-дамай)  деген  құбылыспен  кезде-

седi. Тiптi бiздiң арамызда ешқашан дау-дамайға түспеген адам 

жоқ шығар. 

Ғылыми  әдебиеттерде  «конфликт»  (дау-дамай)  әртүрлi  ма-

ғынада түсiндiрiледi. Бұл терминнiң анықтамасы өте көп. 

Жалпы  «конфликт»  сөзi  (conflictus) 

  латын  тiлiнен  енген, 

тiкелей  мағынасы  –  дау-дамай  (қақтығыс).  Адамның  өмiрi  қақ-

тығыссыз өте алмайды, өйткенi  адам болған соң өзiнiң пайым-

дауы, өз көзқарасы, өз түсiнiгi болады. Бiр мәселеге екi адам екi 

жақтылы қарайды. 



Дау-дамай дегенiмiз 

 қарама-қарсы бағытталған мақсаттар-

дың,  мүдделердің,  позициялардың,  ой-пiкiрлердiң,  құндылық-

тардың  қақтығысы.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  дау-дамай  екi  не 

одан да көп индивидтiң немесе топты қарама-қарсы жақтың бел-

гiлi  бiр  мақсатқа  жетуiне,  мүдделердің  қанағаттандырылуына 

әдейi  бөгет  жасауы  немесе  оның  көзқарасын,  әлеуметтiк  ұста-

нымын  өзгерту  үдерісі.  Дау-дамайды  тудыратын  немесе  өз  ер-

кiнсiз осындай жағдайға тап болатын адамдар мәселенi тез арада 

өзiне тиiмдi етiп шешкiсi келедi. Осы жерде дау-дамайды шешу-

дiң жолдары қандай? – деген сауал пайда болады [61]. 

Әр  адам  өзiнiң  өмiрлiк  жинаған  машығына  байланысты,  өз 

пайымдауына байланысты кездесiп жатқан дау-дамайды өз көз-

қарасы  тұрғысынан    шешедi.  Адамзат  өз  тарихында  дау-дамай 

тудырып,  содан  соң  оны  шешуден    бiрталай  машық  жинаған. 

Аталған  мәселенi  зерттеп,  оны  жинақтау  ХХ  ғасырдың  соңына 

қарай  жаңа  бiр  бiлiмнiң  саласы  –  конфликтологияның  пайда 

болуына ықпалын тигiзедi. Конфликтологияның басты мiндетi – 




226 

 

тек танымдық теориялық емес, практикада адамдарға дау-дамай  



жағдайларында  не iстеу керектiгiн түсiндiрiп беру. «Егер сiздiң 

өмiрiңiзде дау-дамай болмаса, қан соғуыңыз бар ма – соны тек-

серiп көрiңiз» дейдi У. Диксон.  

Адамның  әлеуметтiк  ортада  өмiр  сүруi,  әртүрлi  әрекет  түр-

лерiмен  шұғылдануы  үнемi  қоғамдағы  өзге  адамдармен  тығыз 

қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетедi. 

Дау-дамай,  бiр-бiрiмен  ренжiсу  әрбiр  адамның  өзiндiк  кiсi-

лiгiн,  талап-тiлегiн  өзгелердiң  мойындап,  онымен  санасуын  та-

лап етуден туады. Осы бағытта әрбiр адам өзiнiң басқа адамдар 

алдындағы мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерге  бойында-

ғы күш-қуаты мен қабiлетiн көрсеткiсi келедi.  

Адамдар арасындағы күнделiктi қарым-қатынаста бiр-бiрiнiң 

кем-кетiгi  мен  мiнезiндегi  жағымсыз  қылықтарын  көзiне  айту, 

не  бөтен  адамдар  арасында  әшкерелеу  оның  наразылығы  мен 

ренiшiн тудырады.  

Дау-дамай  субъектiсiне  оған  қатысушы  индивидтi,  топты  

не ұйымды жатқызады. Дау-дамай затына – нақты материалдық 

және  рухани  қорлар,  қанағаттандырылмаған  қажеттiлiктер,  тi-

лектер, өзара әрекеттесу субъектiлерiнiң мүдделері, яғни ол дау-

дамайдың не үшiн пайда болғанын көрсетедi. Дау-дамайлық қа-

тынас деп субъектiлер арасындағы өзара әрекеттесудың форма-

сы мен мазмұнын және дау-дамайдың аяқталу мақсатында олар-

дың (субъектiлердiң) iс-әрекеттерiн атайды. 

Дау-дамайлық жағдаят – нақты уақыт мерзiмiнде дау-дамай-

дың дамуы.  

Дау-дамайдың  себептерiне,  қарама-қайшылықтың  өрши  тү-

суiне, дау-дамайдың пайда болуына әкелген шарттарды, жағдай-

ларды жатқызады.  

Әрбiр  дау-дамайдың  уақытына  және  кеңiстiгiне  байла-

нысты сипаттары бар. Дау-дамайдың кеңiстiк сипатына: дау-да-

майдың пайда болу және көрiну саласы; пайда болу себебi мен 

жағдайы;  көрiнiстiң  нақты  формасы;  дау-дамайдың  нәтижесi; 

әдiстерi  мен  әрекеттерi  (субъектiлер  қолданатын)  жатады.  Дау-

дамайдың уақыттық сипатына: дау-дамайдың ұзақтығы, жиiлiгi, 

қайталануы,  әр  субъектiнiң  дау-дамайға  қатысу  мерзiмi  және 

дау-дамайдың әр даму кезеңiндегi уақыт көрсеткiштерi жатады.  




227 

 

Әр дау-дамайдың өзiндiк даму динамикасы бар және ол мына 



кезеңдерден тұрады: 

  дау-дамайға  дейiнгi  қарым-қатынастар,  шешiлмей  жатқан 

мәселелердiң жиналып көбеюi, қарым-қатынастың кернеулiктерi 

болады; 


 қарама-қайшылықтың өрши түсуi, қарым-қатынаста тұрақ-

ты жағымсыз (негативтi), кейде агрессивтi психологиялық  жағ-

дайдың болуы; 

  дау-дамайлық  жағдаят,  оқиға,  субъектiлер  арасында  түсi-

нiспеушiлiк және ашық түрдегi дау-дамай; 

 дау-дамайдың шешiлуi; 

 дау-дамайдан кейiнгi кезең, дау-дамайға қатысушылар ара-

сындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұны мен сипатының пай-

да болуы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет