Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


  Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар



Pdf көрінісі
бет98/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

4.4  Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар 

 

Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар – бұл дау-дамай-

ға  қатысушылардың  мүдделердің,  мінез-құлық  нормалары  мен 

құндылықтарының қайшылығынан туындаған қарама-қарсы  ба-

ғыттағы  әрекеттерінің  қақтығысуы.  Олар  формальды  ұйымдас-

тыру  бастамалары мен ұжым  мүшесінің  нақты мінез-құлқының 

сәйкес  келмеуі  салдарынан  туындайды.  Мұндай  келісілмеу  тө-

мендегі жағдайларда туындайды: 

–  қызметкер ұйым тарапынан қойылған талаптарды орындама-

ған, елемеген жағдайда. Мысалы, жұмыстан қалу, еңбек және орын-

дау тәртібін бұзу, өзінің міндеттерін сапасыз орындау және т.с.с; 

–  қызметкерге  қойылған  талап  қарама-қайшы,  нақты  емес 

болған  жағдайда.  Мысалы,  қызметтік  нұсқаулар  сапасының  тө-

мен болуы, қызметтік міндеттерді ойластырмай бөлу және т.с.с. 

дау-дамайға алып келуі мүмкін; 

–  қызметтік,  функционалдық  міндеттер  бар,  бірақ  оларды 

орындаудың өзі еңбек процесіне қатысушыларды дау-дамайлық 

жағдайға алып келеді. Мысалы, ревизор, нормалаушы, бағалау-

шы, бақылаушы қызметін орындау.  

Ұйымдастыруға байланысты дау-дамайлар ең алдымен ұйымға 

және онда қызмет ету жағдайына қатысты мәселелерден тұрады. 

Жағдайды мұнда мыналар анықтайды: құрылғы мен құрал-жаб-

дық,  жоспарлау  мен  техникалық  құжаттау,  нормалар  мен  баға-

лар, еңбекақы мен сыйақы құралдарының жағдайы; «ең жақсы-

ларды»,  «нашарларды»  бағалаудың  әділдігі;  тапсырмаларды  бөлу 

мен  адамдарды  жүктеу;  жоғарылату  мен  көтермелеу,  түрлі  ма-

рапаттаулар және т.с.с. 

Бүгінгі таңда ұйым, жалпы қоғам сияқты, біртіндеп дағдарыс-

тан шығуда және өзінің сапалы жаңа фазасына – даму фазасына 

шығуда. Ұйымдағы дамудың қарқындауы, әсіресе өндірістік, әр-

түрлі  күштердің  өзара  әрекеттесуінің  неғұрлым  жоғары  дәре-

жесімен  шартталуы  мүмкін.  Бұл  өз  кезегінде  дау-дамай  база-

сының  сөзсіз  ұлғаюына  және  оның  жетілу  уақытының  қысқа-

руына алып келеді [62].  

Ұйымдастырудың  жаңа  формаларын  іздеу  мен  енгізу  бары-

сында дау-дамай ұйымдастыруға байланысты дау-дамай түріне 




247 

 

ие болуы мүмкін. Мұндай дау-дамай кез келген ұйымның дамуы 



үшін  қажетті  болып  табылады.  Мұндай  дау-дамайлар  көбінесе 

ұжым  алдында  тұрған  міндеттер  мен  оларды  шешетін  ескірген 

ұйымдастыру  формалары  арасындағы  сәйкессіздік  түрінде  бай-

қалады.  Олардың  субъектілері  ретінде  қызметкерлер  тобы  да, 

жекелеген тұлғалар да; жұмысшылар немесе қызметшілер, сон-

дай-ақ  әкімшілік  өкілдері  де  болуы  мүмкін.  Дау-дамайды  жеңу 

бойынша  қабылданған  шаралар  ұйым  құрылымын  жетілдіруге, 

оған тиісті сапаны беруге мүмкіндік туғызады. 

Жекешелендіру  процесінің  даму  жағдайына  қарай  кәсіпорын-

дар нарықтық экономикаға тән ұйымдастыру-құқықтық формалар-

ға  (унитарлы  кәсіпорындар,  коммандиттік  серіктестіктер,  акцио-

нерлік  қоғамдар,  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктер  және 

т.с.с.) қайта түрленуде.  

Бұл ұйымдардың кез келгені оның жұмысын қамтамасыз ететін 

және  басқа  кәсіпорындармен,  мемлекеттік  органдармен  және  аза-

маттармен  қарым-қатынасын  көрсететін,  оны  басқару  үшін  қа-

жетті органдар құрады.  

Сонымен,  акционерлік  қоғамда  шаруашылықты  жүргізу,  бұй-

рық  беру  және  меншікті  пайдалану  құқығына  төраға  басшылық 

ететін  басқарма  ие  (ол  бас  директор,  орындаушы  директор,  пре-

зидент  болуы  мүмкін).  Мұнда  басқарма  мен  акционерлік  қоғам 

директорларының  кеңесінің  өкілеттілігі  мен  мүдделері  тоғысқан- 

да  қарама-қайшылықтар  орын  алуы  мүмкін.  Жеткілікті,  айқын 

қарама-қайшылықтар мен дау-дамайлар туындатуы мүмкін.  

Мұндай дау-дамайдың себептері ретінде мыналар болуы мүм-

кін: 


−  директорлар  кеңесі  мен  басқарма  мүшелерінің  жоғары 

тұрған органның басқару стилі мен әдісін бағалау кезіндегі қай-

шылықтар; 

−  директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің өндіріс ішін-

дегі іс-әрекет мәселелері бойынша келіспеушілік жағдайлар; 

−  цехтар,  бөлімшелер,  қызметтер  басшылары  мен  басқарма 

мүшелерінің  арасында  және  олардың  жұмыс  уақытында  мәжі-

лістерге  қатысу  мәселесі  бойынша келіспеушіліктер  пайда  бол-

ғанда  өндіріс  пен  басқарма  мүдделерінің  жасанды  келіспеу-

шілігі; 



248 

 

−  басқарма мен басқарманың территориалды органдары, оның 



ішінде  аудан  басқармасы  мүдделерінің  келісілмеушілігі.  Соңғы 

жағдайда  басқарма  мүшелерінің  кәсіпорын  ұжымының  еңбегі-

мен  табылған  табысынан  аудан  қажеттілігіне  төлем  ақы  жасау 

реті  және  оны  алу  әдістері  туралы  келіспеушіліктер  туындауы 

мүмкін. Басқарма, акционерлер атынан «қожайын» рөлінде бола 

отырып,  қаражаттың  есепке  алынуы  мен  жұмсалуына  қызығу-

шылық  білдіреді  және  жоғарыда  тұрған  ұйымдардың  нұсқауы 

бойынша негізделмеген төлем ақылар жасауға қарсы шығуға құ-

қылы, бұл шиеленіс, дау-дамайлық жағдай тудырады, тіпті дау-

дамайға алып келуі де мүмкін.  

Ұйымдарда басшы мен оның орынбасарының арасында бас-

қару барысында дау-дамайлар туындауы мүмкін. Бұл дау-дамай-

лар  ұжымға  жылдам  ауысады,  өйткені,  еңбек  ұжымында  дау-

дамайға түсушінің әрқайсысының тірегі бар.  

Бұл  жерде  басшы  мен  оның  орынбасарының  басқару  стилі 

маңызсыз  емес  рөл  ойнайды.  Мысалы,  егер  басшының  стилі  – 

демократиялық, ал оның орынбасарының стилі – демократиялық 

немесе  авторитарлық  стиль  болса,  олардың  қызметтерінде  дау-

дамайды  болдырмайтындай  келісушіліктерге  қол  жеткізуге  бо-

лады. Көбінесе дау-дамай басшы мен оның орынбасары «Бөлім 

немесе ұйым иерархиясында кім маңыздырақ?» қағидасы бойынша 

іс-әрекеттің  авторитарлық  стилін  ұстанатын,  стильдер  сәйкес 

келмеген  жағдайда  туындайды.  Мұндай  жағдайда  амбициялар-

мен, мәнсаптық мақсаттармен байланысты аралас мотивациялар 

байқалады.  Басшы  мен  оның  орынбасарлары  бүкіл  еңбек  ұжы-

мының  жұмысын  қамтамасыз  ете  отырып,  бірін-бірі  толық-

тырып отыруы керек. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет