Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет115/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   677
"АСЫЛБЕК  -  ГҮЛЖАҺАН"  -  хикаялық  дастан.  Дастанда  ақылды  да  парасатты  әйелдің  өз 
басынан  кешкен  ауыр  тағдырына  мойымай,  күншілдік  пен  қаскүнемдікті  әшкерелеген,  әділдік 
туын көтерген бейнесі сомдалған. Ел аузынан жиналған дастан нұсқалары Әдебиет  және өнер 
ин-тының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы. Н.Жүнісалиев жырлап, қағазға түсірген 
дастан  нұсқасы  "Қазақ  халық  әдебиеті"  көптомдығының  дастандарға  арналған  13-томында 
жарияланды(1990). 
АСЫЛБЕКОВ Абдолла Әбдірахманұлы (1886. Қарағанды обл. Нұра ауд. - 1937) - ақын, мемлекет 
және қоғам қайраткері, С.Сейфуллинмен бірге Ақмолада "Тіршілік" газетін шығарушылардың бірі. 
Ақ гвардияшылар тұтқынына түсіп, "Анненковтың азап вагондарында" қамалған. 1919ж. түрмеден 
қашып  шығады.  Азамат  соғысы  жылдарында  Қиыр  Шығыста  қызылдар  армиясының  полк 
комиссары  болды.  1921  ж.  Казақстанға  оралып,  1922-  1925  ж.  РК(б)П  Қазақобл.  комитетінің 
хатшысы және білім бөлімі меңгерушісі қызметін атқарған. 1926 - 28 ж. Тимирязев атынд. Мәскеу а. 
ш. академиясында оқиды. 1928 - 37 ж. Қазақ ОАК-нің хатшысы, Қарқаралы окр., Қарағанды обл. 
кеңестері  атқару  к-ттерінің  төрағасы,  Қазақ  КСР  Жеңіл  өнеркәсібі  халкомы,  Әлеум. 
қамсыздандыру халкомы қызметтерін атқарған. А. саяси қуғын-сүргіннің алғашқы легінде "халық 
жауы" деген жаламен ұсталып, ату жазасына кесілді. Сталинизм зардаптары әшкереленгеннен кейін 
ақталған  (1958).  А.  алғашқы  қазақ  публицистерінің  бірі.  Оның  мақалалары  мен  очерктері 
"Тіршілік",  "Еңбекші  қазақ",  "Советская  степь"  газеттері  мен  "Қызыл  Қазақстан"  журналында 
жарияланьш тұрды. 1921 ж. "Біздіңде күніміз туды" повесі жарық көрген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет