ӘБЕНҮЛЫ Шәкір Мұхаммед-шәкһүр (1.3.1901. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Құндызды
а. -23.10.1994. сонда) - ақын. Уфадағы Ғалия медресесінде. Семейдегі ер балалар гимназиясында
оқыған. С.Торайғыровпен танысып, А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов өлеңдерінен сусындайды.
Алғашқы өлеңі Борсықтар" (1916) ж. "Айқап" журналында басылған. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
Б.Майлин, т.б-лармен жақын таныс болған. Ә. шығармалары 1936 жылдан бастап баспасөзде үзбей
жарияланып тұрған. 1937 ж. жарық көрген "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" поэмасы ақынды елге
танытты. 1937 ж. "халық жауы" атанып, қамауға алынады да, түрмеден қашып шығып,
Қырғызстанға кетеді. 1939 ж. Алматыға қайта оралған. 1940- 41 ж. Жамбылдың әдеби хатшысы
болған. Көп ұзамай қайтадан айыпталып, Семей түрмесіне қамалған. 2-дүниежүз. соғыс басталған
соң өз еркімен соғысқа аттанған Ә. Сталинград майданында ауыр жарақат алып, алты ай әскери
госпитальда емделгеннен кейін елге қайтарылған. 1945 ж. саяси қуғындау қайта басталып, Ә.
саяси тұтқын ретінде Сібірдегі, Александров абақгысына қамалады. 1955 ж. түрмеден босап,
Құндыздыға қайтып оралған ақын 1961 ж. толықтай ақталды. Ә-ның "Кейпінбатыр" (1939),
"Таңшебер -Жапал" (1962), "Ортақарал" (1968), "Қоріқыт қобызы", "Пәрмен", "Алданған қыз",
"Патша мен байғыз", "Ана махаббаты", "Тоқтамыс батыр" атты дастандары "Шыңғыстау"
(1980), "Шыңғыстау сазы", (1985). "Дастандар" (1991) жыр жинақтарына. т.б. басылымдарға енген.
Ә. айтыс ақыны ретінде де кеңінен танымал. Т.Әміреновпен айтысы "Айтыс" (Зт.. 1968)жинағьшда
жариялаңды. Ә-ның "Алтай аруы", "Сары жұлдыз", т.б. 20-дан
астам төл ән-күйлері бар.