Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет207/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   677
ӘЛСЕЙІТОВ Құдайберген (1884. Павлодар обл. Ертіс ауд. Михайловка а. - 1933) - суырыпсалма 
ақын,  әнші-композитор.  11-12  жасынан  "Балаақын"атанған.  Павлодар,  Омбы,  Көкшетау, 
Қызылжар,  Ақмола,  Семей  қ-ларын  аралап  ән  айтқан.  Бертінде  Қоянды,  Қараөткел 
жәрмеңкелерінде  ән  салып,  ат  ойынын  көрсеткен.  Ә-тің  көптеген  муз.  шығармалары 
"Құдайбергеннің  әні",  "Баласы  Әлсейіттің  Құдайберген",  "Құдайбергеннің  термесі", 
"Құдай-бергеннің желдірмесі", "Құдайбергеннің Хадиша қызбен айтысы" деген атпен ел арасына 
кең  тараған.  Ә.  мелодиялары  терме  жанрына  тән  жеңіл  ырғаққа  құрылған.  Ол  ән  жанрында 
кезігетін қайырмасы бар екі бөлімді форманы терме, желдірмелерінде сәтті пайдаланған. Ә-тің 
шығарм-ғын насихаттаған И.Байзақов болды.   
ӘЛТАЕВ Аманжол Дүйсенбайұлы (31.8.1971 ж.т.. Жезқазған обл. Жаңаарқа    ауд. Ақтүбек а.) 
-  айтыс  ақыны.  Қарағанды  мемл.  ун-тін  бітірген  (1993).  1993  жылдан  осы  ун-ттің  қазақ 
әдебиеті  кафедрасының  оқытушысы  болып  жұмыс  істеген.  Қазір  Л.Гумилев  атындағы 
Еуразия ұлттық ун-тінде оқытушы. Қарағанды қ-нда өткен "Арқа арулары мен сал серілері" 
сайысының  (1990),  жыр  сүлейі  Иса  Байзақовтың  90  жылдық  мерейтойына  арналған 
(Павлодар,  1990).  С.Сейфуллиннің  100  жылдық  тойына  арналған  (Жезқазған,  1990)  респ. 
айтыстардың  жеңімпазы.  1990  ж.  Қызылорда  обл-нда  өткен  халық  ақыны  Нартай 
Бекежановтың  100  жылдық  мерекесіндегі,  1991  ж.  Оңт.  Қазақстан  обл-нда  болған  атақты 
балуан Кажымұқан Мұңайтпасұлының 120 жылдығына арналған  тойында, 1993 ж. Ташкент 
қ-нда өткен халықаралық ақындар айтысында, 1992 ж. Қарағанды обл-нда ұйымдастырылған. 
Қ.Аманжоловтың 80 жылдық мерейтойында, Ғ.Мүсірепов құрметіне арналған айтыста, Тоқгар 
Әубәкіровтың  ғарышқа  ұшқанына  1  жыл  толуына  арналған  айтыста,  Ж.Жабаевтың  150 
жылдық мерейтойы құрметіне өткізілген ақын, жыршы-дастаншылар сайысында (Қарағанды, 
1996)  жеңімпаз  атанды.  1995  ж.  ұлы  ақын,  ойшыл,  Абай  Құнанбайұлының  ЮНЕСКО 
дәрежесінде  өткен  150  жылдық  мерейтойында,  т.б.  өткізілген  респ.  ақындар  айтыстарында 
жүлделі  орындарды  иеленді.  ӘЛІБАЕВ  Игібай  (1903,  Солт.  Қазақстан  обл.  Преснов  ауд. 
Айтуар а. - 1978. сонда)  - ақын. Өз әкесі Тәжібай, оның ағасы Елібай (Игібайды  бауырына 
басып, бала етіп алған)  - бәрі Біржан салдан  тәлім алған әнші, өлеңшіл, өнерпаз болған. Ә. 
Қызылжардағы  (Петропавл)  Қазақ  пед.  техникумын  бітірген  (1921).  Ұзақ  жылдар  ауылда 
мұғалім болған. Техникумдағы және өзі сабақ беретін мектептердегі әнші-музыкантгар үйірмесін 


басқарған.  Ә.  респ.  өнерпаздардың  байқауларына,  айтыстарға  (Т.Хасенов,  А.Нұртазин, 
М.Асайынов,  У.Темірбеков  т.б.)  қатысып,  жүлдегер  атанған.  1974  ж.  "Айтуар"  өлең  кітабы 
жарық көрген. Ә-тың орындауында Ақан серінің, Балуан Шолақтың, Біржанның, Ыбырайдың 
кейбір  әндері  грампластинкаларға  жазылған.  Ә.  "1941-1945  жылдардағы  Отан  соғысы 
кезіндегі қажырлы еңбегі үшін" (1946), "Еңбекте үздік шыққаны үшін"(1958) медальдармен 
марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет