Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет415/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   677
ДОСАНОВ Сәбит Аймаханұлы (12.1.1940 ж.т.. Торғай обл. Амангелді ауд. Байғабыл а.) - жазушы. 
ҚазҰУ-ды  бітірген.  Кейін  Қазақ  телерадио  к-тінде  редактор.  "Қазақ  әдебиеті"  газетінде  бөлім 
меңгерушісі.  Қазақстан  Жазушылар  одағы  Әдебиетшілер  үйінің  директоры.  Қазақстан 
Жазушылар одағында жас әдебиетшілермен жұмыс жөніндегі Кеңесінің жауапты хатшысы болып 
істеді.  1985  -  89  ж.  Әдебиет  қоры  қазақ  бөлімінің  бастығы,  1991  -  95  ж.  Респ.  Халық 
шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының бас директоры, 1996 - 97 ж. мемл. 
"Қайнар" баспасының бас редакторы болып істеді. Қазір Т.Жүргенов атынд. Өнер академиясывда 
ұстаздық қызметте.  Д-тың 1958 ж.  "Шабындықта" атты тырнақалды шығармасы  жарық  көрді. 
Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. "Қайырлы таң", "Жанр тағдыры", "Сексен бестің 
көктемі", "Адаспаңдар адамдар", "Тотем под чадрой", "Тензор степного кургана" атты кітаптары 
бар.  Д-тың  "Дауыл"  пьесасы  М.Әуезов  атынд.  Қазақ  мемл.академиялық  драма  театрында  және 
С.Қожамқұлов атынд. Торғай обл. театрында қойылды. "Ертең бюро" пьесасы М.Өтемісов атынд. 
Атырау  обл.  қазақ  драматеатрының  сахнасында  қойылды.  Д-тың  шығармалары  шет  ел 
халықтарының  тілдеріне  аударылған.  Қазақстанның  еңб.  сің.  қайраткері,  М.Шолохов  атынд. 
Халықар. сыйл. лауреаты. 
 
ДОСБАЙ Есалыұлы (1838. Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. Досан а. - 1916. сонда) - би, шешен. 
Ұлы  жүз  құрамындағы  ысты  тайпасынан  шыққан.  1873  ж.  болыс  болып  сайланған.  Кейіннен 
ел-жұрты би етіп сайлаған. Ел арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешіп, халық құрметіне 
бөленген. 1901 ж. Меккеге қажылыққа барған. Д-дың нақыл сөздері ел арасында сақталып қалған. 
Олардың ішінде ат бапкерлігі, сыншылдығына қатысты айтқандары да бар. 
 
ДОСБОЛ Қорлыбайұлы (1800. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. - 1890. Қызылорда обл. Шиелі ауд.) - 
би, шешендік өнердің белді өкілі, қоғам қайраткері. Орта жүз құрамындағы қыпшақ тайпасынан 
шыққан  Д.  би  ердің  құнын  екі  ауыз  сөзбен  шешкен,  ел  мен  елді  бітістіріп,  әділдігімен, 
тапқырлығымен,  шешендігімен  халық  арасында  зор  беделге  ие  болған  адам.  Ол  "Бәрінен  сөз 
бастау  қиын.  Тауып  айтсақ,  мереке  қылады,  таппай  айтсаң,  келеке  қылады"  деп,  аталы  сөзді 
бәрінен жоғары қояды. Қоқан бектерінің  ел тыныштығын кетіріп, тонау саясатын жүргізгеніне 
қарсы  тұрып,  оларды  ашық  сынап,  жолыққанда  әзіл-сықақпен  түйреп  отырған.  Содан  қуғынға 
ұшырап, екі-үш жыл Арқаға барып паналаған. Д. Әжібай мен Торғай датқаны аталы бір ауыз сөзбен 
татуластырған  ("Іс  түскенде  басыңа,  Тумаң  тұрар  қасыңда,  Түбі  бірге  түртпейді,  Туғанға  ешкім 
жетпейді"). Д-дың жігіт шағында бір топ кісілермен өр найман жақка мал дауымен барып, сөзден 
алдыртпайтын  Көкшолақ  биді  ұтымды  дәлелмен  жеңгенін  жұрт  аңыз  етеді.  Д-дың  сын-болжау, 
нақыл сөздерінің өзі жеке бір сала мақал-мәтел іспеттес болып, халық арасына кең таралған. Бейіті 
Оқыш ата қорымында, Д-дың ел аузындағы сөздерін жинап жариялауға Н.Қасымұлы үлкен үлес 
қосты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет