Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет455/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   677
ЕЛЕУКЕНОВ Шериаздан Рүстемұлы (3.9.1929 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд. Аршалы а.) - 
ғалым. филол. ғыл. докт. (1988). проф. (1990). Қазақстанның еңб. сің. мәдениет қайраткері(1981). 


ҚазҰУ-ды бітірген (1951). 1951 - 59 ж. Шығ. Қазақстан обл. "Алтай большевигі", "Коммунизм туы" 
газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1959 - 63 ж. ҚазҰУ-да аға оқытушы. 1967 - 71 ж. 
Қазақстан  КП  ОК-нің  аппаратында  нұсқаушы.  сектор  меңгерушісі,  бөлім  меңгерушісінің 
орынбасары, 1971 - 86 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. 
к-тінің төрағасы. 1986 - 88 ж. Әдебиет және өнер ин-тының директоры, 1988-96 ж. Қазақстандағы 
орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған ин-тта бас ғыл. 
қызметкер  және  ҚазҰУ-дың  проф-ы.  Шығармалары  1946  жылдан  жариялана  бастаған. 
Ш.Құдайбердіүлы.  М.Жұмабаев.  А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов.  Ж.Аймауытовтардың  өмірі  мен 
шығарм-ғы  туралы  "Жаңа  жолдан"  ("С  новой  строки")  атгы  кітап  жазды  (1989).  "Әттең,  дүние" 
романы (2002) мен  "Мұхаметжан - Мархума" (1998) деректі повесі, "Қазақ романы және қазіргі 
дәуір"  (орысша.  1968).  "За-мандас  парасаты"  (1977).  "Фоль-клордан  роман-эпопеяға  дейін" 
(орысша. 1987). "Мағжан" (1995). "Әдебиет және ұлт тағдыры" (1997) кітаптары жарық көрген. 
"Кітаптану  негіздері"  (1997),  өзге  авторлармен  бірігіп  жазған  Газет  жанрлары"  (1964),  "Қазақ 
әдебиетінің тарихы" (1999), "Сұлулыққа іңкәрлік" (1999), "Ғасырмен сырласу" (2004) кітаптары 
басылып шыққан. "Емтихан" сатиралық комедиясы респ., обл.драма театрларында қойылған. ҚР 
Мемл.  сыйл.  (1998).  Халықар.  қазақ  ПЕН-клубы  сыйл.  (2001)  лауреаты.  "Құрмет  белгісі" 
орденімен  және  медальдармен,  Қазақстан  Жоғ.  Кеңесінің,  Қазақстан  Респ.  ҰҒА-ның  Құрмет 
грамоталарымен марапатталған. 
 
ЕЛЕУОВ Көшен (27.4.1892. Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Бесоба а. - 3.9.1971. сонда) - ақын. 
1916ж.  қара  жұмысқа  алынып,  Ресейдің  батыс  шекарасында  болады.  1917  -  27  ж.  Қызыл  Ту 
ауылдық кеңесінің төраға орынбасары, төрағасы қызметін атқарған. 1938 ж. Алматыда Қазақстан 
Жазушылар  одағының  халық  ақындарына  арнап  ашқан  қысқа  мерзімді  курсында  оқыған.  Е. 
өлеңдерін жазып та. ауызша да шығарған. "Елге сәлем" (1916), "Туысқанға", (1927), "Торғайға тарту" 
(1941),  "Жас  батыр"  (1944).  "  Қандай  қызық  тамаша"  (1949)  өлеңдерімен,  "Баян",  "Қорқыт", 
"Бозінген".  "Сарыарқалық  жігіт",  "Екі  дос",  "Қарағанды",  "Жылқышы"  дастандарымен  елге 
танылған. 1943 -1962 ж. ауд.. обл., респ. айтыстарға қатысқан. Айтыстары мен топтама өлеңдері 
"Ақындар жыры" (1963), "Пернедегі  термелер"  (1965).  "Айтыс" (3-т. 1966). "Қаһарлы сөз қамал 
бұзады" (1969). "Ленин деп халық жырлайды" (1969) жинақтарына енген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет