Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет535/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   677
"ЖАМБЫЛ  МЕН  ҚҰЛМАМБЕТ  АЙТЫСЫ"  -  ақындар  айтысының  классикалық 
үлгілерінің бірі.  1897  ж. Ұлы жүз  Албан елінің жайлауында  Шәрипа  деген қыздың  ұзатылу 
тойында өткен. Осы тойда Құлмамбет Жетісу мен Ыстықкөлден келген 9 ақынды түгел жеңеді. 
Жамбыл  айтысқа  түскенде  Құлмамбет оны бірден абыржытып  алу  үшін кемсітіп, кедейлігін 
бетке  басады,  Жамбыл  Албан  елінің  бірнеше  байларын  атап,  сол  мақтаулы  байлардың 
кедейлердің табан ақы, маңдай терін жеп жүрген құлқын құмарлығын әшкерелейді. Ел қорғаған 


ерлігімен,  әділдігімен  танылған  халық  батырларын  дәріптейді.  Айтыстан  қазақ  елінің  сол 
кездегі өмірі, қоғам қайшылықтары, азаматтық мәселесі туралы элементтерді байқауға болады. 
Ж. осы айтыста Құлмамбетті жеңіп, Жетісудағы "бірінші ақын" атанады. Айтыс 7 - 8  буынды 
жыр және 11 буынды қара өлең үлгісімен жырланған. Айтыстың көркемдік  ерекшеліктерінің 
бірі  -  екіақынның  сөздері  ұзақ  сүре  жыр,  монолог  болып  келуі.  Айтыс  ең  алғаш  1931  ж. 
жарияланған, кейін бірнеше рет Жамбыл жинақгарында, "Айтыс" атты кітапта (1964) басылған. 
Айтыстың  толық  мәтінін  Ш.Әбдікәрімов,  С.Мүсірепов,  А.Тайшиев,  Е.Қандеков,  К.Әзірбаев, 
т.б. ел арасында жатқа айтып жүрген.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет