ЖАНҰЗАҚ (т.аж.б.. Шығ. Қазақстан обл. Тарбағатай ауд.) - 18 - 19 ғасырда өмір сүрген ақын.
Атақты Қабанбай батырдың жақын серігі. Дәулетбай батырдың немересі. Жастайынан
ақындыққа бой ұрып, өз кезіндегі ел басқарған болыстар мен билердің қарапайым халыққа
істеген қиянат қылықтарын уытты өлең тілімен әшкерелеген, заман жайлы, ел тіршілігі мен туған
жер жайлы толғаған өлең-жырлары халық арасына кең тараған.
ЖАНҰЗАҚОВ Тельман (1935, Ал-маты обл. Райымбек ауд. Нарынқол а. - 1978) - жазушы.
ҚазҰУ-ды бітірген (1957). "Лениншіл жас" (қазіргі"Жас алаш") газетінде әдеби қызметкер, бөлім
меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1967 -71 ж, "Правда" газетінің Қазақ КСР бойынша
меншікті тілшісі, 1972 - 74 ж. респ. сатира журналы "Ара" - "Шмельдің" бас редакторы, 1974 -
1978 ж. "Қазақфильм" киностудиясы директорының орынбасары, Қазақстан Кинематографистер
одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін атқарған. Ж. орыс және батыс
классикгерінің біршама шығармаларын қазақ тіліне аударған. "Тың жерлерді игергені үшін",
"Еңбектегі ерлігі үшін В.И. Ленин туғанына 100 жыл толу құрметіне" медалімен, Қазақстан Жоғ.
Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
ЖАНҰЗАҚОВА Фарида Дүйсенбекқызы (1935. Семей қ. - 1993) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген
(1954). 1954 - 67 ж. "Ленинская смена" газетінде, 1967 - 71 ж. "Жазушы" баспасында қызметкер,
бөлім меңгерушісі. Ж. шығармалары "Өмірбаян жаңа басталды" (1967) жинағына енген.
М.Гумеровтың "Әкемнің әкесі" (1968) әңгімелер жинағын, "Балаларға базарлық" ұжымдық
жинағын (1969). Ә.Әбішевтің "Белгісіз батыр" пьесасын (1970), Б.Тілегеновтің "Көктем де
ызғарлы" (1972), К.Исаевтың "Соңғы тәулік" (1973) романдарын, Б.Тоғысбаевтың "Ар" (1975).
М.Дүйсеновтің Гүлжан" (1976) повестерін және Қ.Байсейітовтің "Құштар көңіл" (1983) повесін
орыс тіліне аударған. Ж. "Құрмет белгісі" орденімен (1986). Қазақстан Жоғ. Кеңесінің
грамотасымен марапатталған.