алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды,
қайта құптап, қошеметгеп отырады. Өйткені Алдар көсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық
көрген қарапайым халыктың өкілі. Алдар көсе - түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ,
түрікмен, т.б.) әдебиетіне ортақ тұлға. Бұл Алдар көсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе
жатқан көнелігін, әлеум. мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін
дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдар көсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да
көрініс тапқан.
Ш.Хұсайынов "Алдаркөсе" пьесасын (1942) және "Алдаркөсе" фильмінің сценарийін
(1964, реж. Ш.Айманов) жазды.
Достарыңызбен бөлісу: