Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет95/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   677
АННОТАЦИЯ.  (лат.  annotatio  -  ескерту,  аңдату),  аңдатпа  -  кітаптың,  топтама  жинақтың, 
қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. А. ақпараттық және жарнамалық мақсатта 
жазылып,  онда  шығарманың  бағыт-бағдары,  құндылығы,  кімдерге  арналғаны  айтылады.  А-да 
шығармаға баға беріліп, автор туралы мәліметгер келтірілуі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың 
жазылу  тарихы  қамтылуы,  әдебиеттерге  және  т.б.  деректерге  сілтеме  жасалуы  да  мүмкін. 
Оқырман А-ға сүйене отырып. өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.   
 
АНОВ  (бүркеншік  аты;  шын  тегі  Иванов)  Николай  Иванович  (30.12.  1891.  Ресей. 
Санкт-Петербург -18.7.1980. Алматы) - жазушы, драматург, 1-ші дүние жүз. соғысқа және Азамат 
соғысына  қатысқан.  Еңбек жолын 1908 ж. баспахана жұмысшысы болып бастаған. 1917  - 50 ж. 
Омбы,  Өскемен,  Семей,  Новосібір,  Мәскеу  қалаларында  баспа,  газет-жунал  редакцияларында 
қызмет  еткен.  1951  ж.  Алматыға  қоныс  аударып,  өмірінің  соңына  дейін  бірыңғай  шығарм. 
жұмыспен  шұғылданған.  Алғашқы  әңгімелері  1914  ж.  жариялана  бастады.  "Днепр  құрылысы" 
(1931), "Жоғалған інім" (1941,  толықтырылған нұсқасы  - 1960), "Ақмешіт" (1948), "Ән қанаты" 
(1956)  кітаптары.  "Менің  жастық  шағым"  (1964.  трилогияның  1-кіт.),  "Выборгжағы"(1970,2-кіт.), 
"Омбыдағы  интервенция"  (1978.  3-кіт.).  "Азия"  (1979)  романдарын.  "Мәртебелінің  өлімі"  (1961). 
"Қазына  түбегі"  (1965),  "Кашира  аңызы"  (1968)  повестері  жарық  көрген.  Драматургия  саласында 
"Сауығу" (1925), "Серкенің елге оралуы" (1934), "Жүрек әмірімен" (1955. Я.С. Штейнмен бірге),  "Орынбор 
өткендерінен"  (1956),  "Мұрагерлер"  (1961),  "  Қаһармандарды  іздеу"  (1974)  пьесаларын  жазды. 
"Ширек ғасыр" (1945), "Қазақстан даласында" (1953), "Ән қанаты" (1956, А.И.  Витензонмен бірге) 
киносценарийлерінің  және  "Әдеби  қиылыстарда"  (1974)  естеліктер  жинағының  авторы.  М. 
Әуезовтың "Абай жолы" романының 2-кітабын орыс тіліне аударуға қатысқан. Қазақстан Мемл. сыйл. 
лауреаты ("Кашира аңызы" кітабы үшін. 1970). Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 рет және медальдармен 
марапатталған. 
 
АНОНИМ (грек. anonymos - аты белгісіз деген мағынада) - әдеби шығарманың әр түрлі себептерге, 
көбінесе,  саяси  жағдайға  байланысты  авторы  көрсетілмей  жариялануы.  Мұндайда  бүркеншік  есім 
(псевдоним) де қолданылмайды. Осындай шығармалардың нақтылы авторын айқындау үшін арнайы 
текстол. зерттеу жүргізілуі қажет. Көп елде А-ге мемл. тарапынан тыйым салынған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет