"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы


Оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша



Pdf көрінісі
бет22/29
Дата26.06.2023
өлшемі0,81 Mb.
#103440
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz

Оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау оқу бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес бөлімді 
немесе ортақ тақырыпты меңгеруді аяқтаған кезде өткізіледі. Аталған 
жиынтық бағалау түрінің нәтижесінде оқушыларға тоқсандық баға кезінде 
есептелетін балдар қойылады. Аталған бағалауды сабақта 15-20 минуттан 
артық емес уақытта ұйымдастыру ұсынылады.
Оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық 
бағалау үшін тапсырмаларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне 
сәйкес мұғалім өзі құрастырады. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік 
ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау өткізуге 
қатысты тапсырмалар үлгісі берілген.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру 
және жоспарлау критериалды бағалау ережесіне сәйкес жүргізіледі. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны оқу 
29 


жылының басында нұсқаулық құжаттар арқылы бекітіледі, пәндер бойынша 
оқу бағдарламасындағы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес анықталады:

жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;

тілдік пәндер – сөйлеу әрекеттері түрлері бойынша. Тоқсанда 2
жиынтық бағалау өткізіледі: тыңдалым мен айтылым, оқылым мен жазылым. 
Бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша бағалауға жататын оқу 
мақсаттарының саны пәнге қатысты әртүрлі болуы мүмкін. Сәйкесінше 
жиынтық бағалау рәсімдерінде де айырмашылықтар болуы мүмкін: жобалық, 
бақылау немесе лабораториялық жұмыстар, жазбаша не ауазыша 
таныстырылым және т.б.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үшін 
тапсырмаларды құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға арналған 
әдістемелік ұсыныста берілген үлгілерді қолдануына, не болмаса талаптарға 
сәйкес өз бетінше құрастыруына болады.
Жиынтық жұмысының нәтижесі бойынша мұғалімге оқушылардың оқу 
жетістігі деңгейін анықтау жолымен оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне талдау жүргізу 
ұсынылады.  
Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаттамасы 3-кестеде 
берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет