Т. Морган және оның шәкірттері жеміс шыбындарына тәжірбие жасап, олардың белгілерінің ажырауы Г.Мендельдің дискреттілік тұқым қуалау заңынан қайшы келетінін байқаған. Оның шыбындарға жасаған тәжірбиесі бірінші шыбын көзінің түсіне байланысты жасалған
Шыбындардың көзінің түсін анықтайтын ген жыныс хромосомасында (Х хромосомада) орналасқан және онымен бірге тіркес тұқым қуалайды, ал У хромосомада ол ген кездеспейді деп болжам жасайды да келесі тәжірбиесі шыбынның түсіне және қанатының пішініне жасалады.
Объект:
шыбын
А – сұр түсті ♀;
а – қара түсті ♂;
В – ұзын қанатты ♀;
в – қысқа қанатты♂;
Р.: ♀ААВВ х ♂аавв
g.:
F1.: ♀АаВв ♂АаВв
АВ ав
Барлығы сұр түсті ұзын қанатты даралар, енді осылардың генотипін анықтау үшін талдаушы шағылыстыру жүргізеді
Р.: ♂АаВв х ♀аавв
g.:
F1.: АаВв аавв
АВ ав ав
Мұны Мендель тәжірбиесімен түсіндіру мумкін емес. Оның тәжірбиесі бойынша 4 түрлі фенотип пайда болу керек еді бірақ, алынған ұрпақ 50\50 қатынасында шықты яғни 2 түрлі фенотип шықты. Демек аталық шыбын хромосомасында гендер бір біріне жақын орналасып тіркесу толық болған.
Р.: ♀АаВв х ♂аавв
g.:
F1.: АаВв Аавв ааВв аавв
АВ Ав аВ ав ав
Мұнда керісінше 1-ші ұрпақтағы дигетерозиготалы ♀ шыбынды дигомозиготалы ♂ шыбынмен шағылыстырғанда Мендельдің 3-ші заңына сәйкес 4 түрлі фенотип пайда болды, бірақ есептік талдау жасағанда 25% қатынаста емес,
41,5% + 8,5% + 8,5% +41,5% мөлшерінде ажыраған. Демек аналық шыбын хромосомасында гендер бір бірінен алшақ орналасқан және мейоз кезінде кроссинговер жүріп, тіркесу толымсыз болған.
1. Гендер хромосома сызық бойымен орналасады. гомологты емес хромосомаларда гендер әртүрлі болады, гомологты хромосомаларда гендер жиынтығы бірдей болады
2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесіп тұқым қуалайды, тіркесу тобын құрайды.тіркесу тобының саны гаплоидты хромосома жиынтығына тең;
3. Гендердің тіркесу күші олардың ара қашықтығына кері пропорционал болады;
4. Гендер ара қашықтығының өлшем бірлігі сантиморганидпен өлшенеді.1 снтиморганид 1% кроссинговерге тең
5. Егер гендердің ара қашықтығы 50 сантиморганидтен кем болса онда олар тіркес тұқым қуалайды, 50 сантирморганидтен артық болса онда олар Мендель заңына сәйкес тәуелсіз тұқым қуалайды
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы: Карта Х-хромосомы человека
Белгілердің тұқым қуалау типі
Аутосомды Жыныспен тіркес У - тіркес Х – тіркес Доминантты Рецессивті