Бақылау сұрақтары:
Ғ.Мүсіреповтің мақаласында Қ.Аманжоловтың «Абдолла» поэмасы соғыс
кезіндегі қазақ поэзиясының аса ірі табысы ретінде бағаланғаны туралы баяндау.
Соғыс жылдарында жазылған Ә.Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетінің бүгінгі
міндеттері» («Әдебиет майданы», 1941, №4), М.Әуезовтің «Ерлік-елдің сыны» («Социалистік Қазақстан», 1941, 30-шілде), Қ.Бекхожиннің «Ерлікті жырлайық» («Лениншіл жас», 1941, 10шілде), Б.Кенжебаевтың «Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек), Қ.Жармағамбетовтың «Жауға өшпенділікті кернете түседі» («Социалистік Қазақстан», 1942, 29-қараша) мақаларымен танысу.
Пайдалынылатын әдебиеттер.
Д.Ысқақұлы Сын өнері. А., 2001
Т.Кәкішев Қазақ әдебиет сынының тарихы. А., 1996
Т.Кәкішев Сын сапары. А., 1974
Т.Кәкішев Оңаша отау. А., 1974
Ә.Нарымбетов Қазақ әдебиет. әдебиеттану, сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші ІІІ том, 1956-1960, А., 1997
М.Қаратаев Әдебиет және эстетика. А., 1970
9-лекция:
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы.
Қамтылатын мәселелер:
- А. Байтұрсынов әдебиет теориясын қалыптастырушы.
- Қ. Жұмалиевтың әдебиеттену ғылымына қосқан үлесі.
- З. Ахметов өлең сөздің теоретигі.
- З. Қабдолов әдебиеттанушы-ғалым.
- А. Нұрқатов мұхтартанушы ғалым.
- Р. Бердібаев зерттеулеріндегі әдебиеттану мәселелері.
Соғыс жылдарында бұрындары тыйым салынып келген ұлттық батырлардың ел қорғау ісіндегі ерліктері насихатталып, олар туралы тарихи және эпостық жырлар жарияланды. Қазақ халқының тарихын зерттеу істері қолға алынып, батырлық салты жайлы еңбектер едәуір көрінді. М.Ақынжановтың «Қазақ халқының жауынгерлік дәстүрі» (Социалистік Қазақстан», 1941, 12-қазан), Х.Әбілгереевтің «Қазақ халқының құрылу тарихы туралы»» (Социалистік Қазақстан», 1941, 18-мамыр), Е.Ысмайловтың «1916 жылғы көтеріліске қатысушылардың кейбір жауынгерлік салты» » (Социалистік Қазақстан», 1941, 14-қыркүйек), Б.Кенжебаевтың «Абылай» » (Социалистік Қазақстан», 1942, 15-қаңтар), С.Мұқановтың «Батырлық салт» » (Социалистік Қазақстан», 1942, 7-қараша), Ғ.Мүсіреповтің «Батырлар ұрпағы» » (Социалистік Қазақстан», 1942, 17-қараша), сияқты мақалаларда қазақ халқының өткені тарихи және әдеби деректер негізінде әр түрлі қырларымен әңгімеленді. Сондай-ақ Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы туралы да мақалалар жарық көрді.
Осы кездердегі әдеби сында соғыс тақырыбының қазақ әдебиетінде игерілуі басты тақырыпқа айналды. С.Айтмұқановтың «1916 жылғы көтеріліс және поэзия» («Әдебиет және искусство», 1941, №2), Б.Кенжебаевтың «Қаһарлы сөз қамал бұзады» («Социалистік Қазақстан», 1941, 4-қыркүйек), С.Мұқановтың «Отан қорғауда маңызы зор поэма » (Социалистік Қазақстан», 1941, 10-тамыз), Е.Ысмайыловтың «Қазіргі поэзияда отан қорғау тақырыбы» (Әдебиет және искусство», 1941, №5), «Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының жай мен міндеті туралы» (ССРО ҒА Қазақ филиалының Хабарлары. Тіл және әдебиет сериясы. 1944, 1кітап), «Батырлық жырларда Аманкелдінің бейнесі» (Социалистік Қазақстан», 1944, 14-маусым) қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбын қарастырып, дәуір талабына үн қосты.
Кенесары қозғалысының әдебиетте бейнеленуі жайлы еңбектер көрінді. Қ.Бекхожин «Кенесары-Наурызбайдың әдебиеттегі бейнелері» («Әдебиет және искусство», 1941, №5) атты мақала жазды. Онда Кенесарыны «өз халқының шын мағынасындағы патриот ұлы» деп бағалап, осы қозғалысқа байланысты туған Нысанбайды, Досқожаның, Күдерінің, Доскейдің,Саяділдің, Иманжанның өлеңдеріне тоқталды. Қ.Жұмалиев 8-9 кластарға арналған оқу құралдарында «Кенесары Қасымов жалпы қазақ мүддесін және қазақтың тәуелсіздігін қорғап алу мақсатын көкседі» (Қ.Жұмалиев. «Қазақ әдебиеті», А.,1943, 229-б.) – деп жазды. Ал Кенесары туралы кезінде бірнеше рет теріс пікірлер білдіріп келген С.Мұқановтың өзі Кенесары «қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресті». «Кенесары мен Наурызбай бастаған халық көтерілісі – Россия патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатына қарсы шыққан көтеріліс» (С.Мұқанов. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. А., 1942, 83-88-бб.) – деген ғылыми негізді тұжырым жасап, жоғары бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: |