Фармакокинетика. Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары.
Дәрік заттардың фармакодинамикасы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ Гален, Әбу Әли ибн Сина, Парацельс еңбектерінде де айтылған. Арабия, Қытай, Үндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.