Нормативтік сілтемелер


СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет12/24
Дата22.04.2023
өлшемі126,75 Kb.
#85617
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
3 СӨЗ ТАПТАРЫН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


3.1 Сөз таптарын оқытудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі

Оқыту технологиясы білім беру жүйесін жетілдірудің басты тетігі екендігі соңғы кезеңдерде мектеп пәндерін оқыту үдерісінде кең қанат жайған деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, жобалай оқыту, коммуникативтік оқыту, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту және т.б. технологиялардың кең зерттеле бастауы да дәлелдейді. Өйткені, осы аталған оқыту технологияларының қай – қайсысының да түпкі мақсаты оқушыны әлеуметтендіру.


Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа инновациялық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді атап айтқымыз келеді:
- дамыта оқыту;
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
-модульдік оқыту;
- проблемалық оқыту;
- қатысымдық технологиясы;
- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- сатылай комплексті талдау;
- жобалау технологиясы; 
- тірек сигналдары технологиясы;
- саралап даралап оқыту
Қазіргі кезеңде сапалы нәтижеге қол жеткізудің уақыт пен тиімділігін көрсетіп жүрген бірнеше оқыту технологияларының ішінде дамыта оқыту технологиясының өзіндік орны анықталған.
Дамыта оқыту технологиясының ерекше атауға себеп болатын көптеген қыры бар. Оларды әдіснамалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік тұрғыдан тану арқылы ғана дамыту оқыту технологиясын қазақ тілі пәнін оқыту үдерісіне енгізіп, одан көздеген нәтижелер алуға болады.
Оқу үдерісінің іс-әрекет жағдайына, мектептегі сабақтардың осы жүйеге көшуі жүзеге асқанда және өзіне тән ұстанымдардың кешенділігін, бір- біріне байланыстылығын, үйлесімділігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана іске асырылады.
Қазақ тілі сабақтарында дамыта оқыту технологиясына негізделген жаттығулар жүйесі. Оқушының мазмұндық топтастырулар жасау, дедукцияны қолдану, рефлексиялық қабілетін дамытуда , яғни оқушының ізденімдік-зерттеушілік қабілетін қалыптасыру мен дамытуға лайықталған арнайы жаттығулар жүйесі беріледі. Жаттығулар іштей грамматикалық-тілдік, рефлексиялық, сөйлеу, ойын жаттығулары деп бөлінеді. Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл- ой әрекеттері қалыптасып, ақыл-ой қызметінің белсенділігі дамытылады. Маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек. Дамыта оқыту технологиясын қолдануға кірісер алдында мұғалім оқушылар меңгеруі тиіс деп жүйеленген білім мазмұнын жақсылап меңгеруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет