Нормативтік сілтемелер


Сөз таптарын оқытуда сындарлы білім беру жүйесі



бет16/24
Дата22.04.2023
өлшемі126,75 Kb.
#85617
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
3.3 Сөз таптарын оқытуда сындарлы білім беру жүйесі

“Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз” Н.Ә.Назарбаев «XXІ ғасыр –білім ғасыры» демекші, егеменді еліміздің білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру саласынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Жас ұрпақтың жаңашыл түрде ойлауына біртұтас ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік-дағды негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім саласындағы ең өзекті, кезек күттірмейтін мәселе. Осы өзекті мәселені шешуде елімізде заманауи білім беруді көздейтін реформалар жүзеге асырылуда. Соның бірі жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай –ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.


Сындарлы білім беру оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолданумен ерекшеленеді және болашақта функционалдық сауаттылықты дамытуға өз септігін тигізеді деп білемін.
Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-тәжірибемізге оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдағы әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Мен, мектептегі тәжірибе кезінде осы сындарлы білім беру жүйесін қолдану барысында оқушылармен тығыз, бірлесе қарым-қатынас жасау, бірін-бірі бағалау, қамқорлыққа, бауырмалдыққа баулуға тиімді, жағымды жағдай жасауды үйрендім. Өзге тілді ұлт өкілдері болғандықтан бақылауға алынған сыныбымда мынадай кедергілер орын алатын: танымдық кедергілер, олар қазақ тіліне тән дыбыстарды жеткілікті түрде меңгере алмауы, қазақша сөздік қорының аз болуы, өз ойын ашық айта алмауы, эмоциялық кедергілер көбінесе тұйық мінезді балаларда кездеседі. Осындай кедергілердің орын алуы сыныбымдағы ынтымақтастық атмосферасын құруды талап етті және жағымды психологиялық ахуалды туғызуға ықпал етті. Себебі, сабақтың әр кезеңінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып, оны сындарлы оқытудың стратегияларымен байланыстырсақ, сабағымыздың мақсатына жете аламыз деп ойлаймын.
Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Менің ойымша, сындарлы оқытудың тиімді жағы сабақтың әр кезеңіне жеке тоқталып, стратегияларды тиімді таңдауды мұғалімнен көп талап етеді. Мысалы, ынтымақтастық атмосферасы бұл сабақтың ең маңызды және негізгі бөлігі, себебі ынтымақтастық, ұйымшылдық, татулық, бірлік атмосферасы көрініс таппаған жағдайда білім мен тәрбиенің ұштасуы мүмкін емес деп ойлаймын. Мен қазақ тілі сабағында мемлекеттік тілді меңгерту, оның қолданыс аясын кеңейтуді мақсат етіп алдым. Осы сабақты өткізуде сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін әр сабақ басында оқушылармен шаттық шеңберін құру арқылы, бір – біріне жылы лебіз, пікірлерін білдіруді сұрадым. Сабақ ортасында сергіту сәттерін жүргіздім. Мысалы, «айна мен адам», «тұрғын үй мен адам», «сағат бойынша достар», «сабақталған жіп», «жануарлардың бейнесін сал», «шеңбер бойындағы сұрақтар» және т.б. ойын түрлерін өткіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасының келесі сабағымда өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл қазақ тілін меңгерту мақсатында визуалды айғақтар, яғни суреттерді, көрнекі құралдарды, слайд, флипчартты қолдандым. Сабағымда оқушылардың өздеріне көбірек ерік беріп, осы сабақты тереңірек меңгерулеріне жағдай жасадым. Оқушылар берілген суретті сипаттап, ондағы бейнелерді ауызша айтып, әңгімелеп, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуға үлес қосты деп ойлаймын. Осы сабақтар барысында мен оқушылар іс-әрекетінде мынадай жайттарды байқадым, оқушылар бір-біріне бауырмал, жанашыр, бірінің сөзін бірі толықтыра алады, бір-біріне өз ойларын, идеяларын ашық түрде жеткізе алады, ең бастысы оқушылар бірін-бірі үйретеді, оқытады және тәрбиелейді.
Ендеше, осы сындарлы оқытудың тиімді жақтарының бірін меңгере отырып, мен бүгін өз сабағымда көрініс тапқан сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімеге тоқталмақпын. Мәселен, мен өз сабақтарыма тоқталсам, сөз таптарын оқытуға арналған бірінші сабағымда «Қазақ тілі-менің тілім» тақырыбында жұптық әңгіме көрініс тапты. Сабағымда өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгерту мақсатым болғандықтан, оларға қазақ тіліне тән әріптерді, сөз таптарын үйрету арқылы ауызекі сөйлеу тіліне баулуды көздедім.
Бірінші сабағымда үш топқа бөліп, оқушыларға үш мәтін бердім. Топ мүшелері бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қойды, осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар арасында жұптық әңгімелер жүргізілді. Оқушыларға алдымен жұп таңдаттырып, сол жұптарына үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар қойып, сол сұрақтарға бір-бірлеріне жауап беруі қадағаладым. Жұптық әңгіменің оқушыларға тиімді жақтары көп, яғни оқушылардың сөйлеу дағдылары қалыптасады, бір – біріне сұрақ қоюды үйренеді, өз ойын ашық, еркін, нақты түрде жеткізе алуға дағдыланады.
Сөз таптарын меңгеруге арналған екінші сабағымда «Қазақ тілін үйрену жолдары» деген тақырыпта мәтінмен жұмыс жасауда, сөздікпен жұмыс жасауда жұптық әңгіме көрініс тапты. Сонымен қатар, жұптық әңгіме мәтінмен жұмыс жасауда көп көрініс табады, яғни оқушылар мәтіндегі тақырыптың мазмұнын әңгіме өрбіту арқылы, оның ішінде зерттеушілік әңгімені басшылыққы ала отырып, жұмыс жасады.
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталады. Ал, пікір алмасу оқушылардың диалог құруы арқылы іске асады, сондықтан бұл оқушылардың жұптық әңгімені өрбітуіне алып келеді. Мен, осы келтірілген тұжырымдамалардың барлығының іске асырылу барысын өзімнің өткізген төрт сабағымда байқадым. Оқушылар бір-бірімен жұптық әңгімені жүргізу арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Олар «Жер-ана», «Тіл мен әліппе» деген шағын мәтін мазмұнына сәйкес рөлдерге бөлініп, сахналық көрініс қойды.
Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруда дамытуға арналған жұптық әңгіменің рөлі зор, сондықтан, бұл әрекет біздің барлық сабағымызда танылуы қажет деп санаймын. Сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасы арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.
Оқушыларға сөз таптарын үйрету кезінде сабақтарды бекіту барысында бағдарламада қамтылған модульдер тізбегіндегі осы сыни тұрғыдан ойлау модулі бағалау өте тиімді екенін түсіндім. Сондықтан, тізбектелген сабақтар топтамасында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және ой елегінен өткізуді қамтиды. Бақылауға алынған сыныбымда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды мақсат етіп алдым. Сол себепті, сабақ барысында әр тақырыпқа байланысты сұрақтар қойдым. Алғашқы сабағымда оқушыларға сол күнгі сабақтың тақырыбын айтпастан бұрын сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік бердім. Оқушыларға мемлекеттік тіл қазақ тілі туралы сұрақтар қойдым. Неге қазақ тілі мемлекеттік тіл, оны қалай үйренуге болады және қайдан деген ойлануды қажет ететін ашық сұрақтар қойдым. Оқушыларға берілген тапсырма кезінде байқағаным, бақылауға алынған оқушым бос отырмай, жанындағы ұлты қазақ баладан көмек сұрап, сұраққа жауап беруге тырысып жатқанын көрдім. «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Алты қалпақ», «Жигсо», «Кубизм», «Сахналық қойылым» оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларға сөз таптарын үйрету барысында сыни тұрғыдан ойлауға итермелеуге болады, ойлау қабілеттерін арттыруға болады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектесетін бір әдіс ол – бағалау. Сондықтан оқыту үшін бағалау арқылы біз оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, әрі қарай қызыға отырып, іздену үшін ынталандыруға жол сілтейміз, бағыттаймыз. Әр оқушы өзінің жұмысының бағаланғанын жақсы көреді. Сол себепті оқушылардың бұл жұмыстарын да өздеріне бағалатуға тырыстым. Сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауды бағалауда формативті бағалауды қолдандым. «Жақсы», «Жарайсың», «Бұл жауабың дұрыс», «Келесі сабақта бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізетініңе сенемін» деген қолпаштау, мадақтау сөздерін қолдану арқылы бағалауды ұйымдастырдым, бағдаршам түстері, смайликтер, ұпайлар белгіленген бағалау критерийлері парақшаларын ұсыну арқылы бағалау түрлерін жүргіздім. Сөз таптарын оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушыларды өзін-өзі реттеуіне, ішкі уәж бен ішкі ынтасының қалыптасуына, сындарлы сөйлеуіне оң әсерін тигізеді. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап» деп, Абай атамыз жырлағандай, расында да әр тұлға өзіндік ішкі уәжбен, ішкі ынтасының туындаған білімімен жұмыс жасаса, тұлға ретінде қалыптаса алса, онда ол адам өмірде өз орнын таба алар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет