Зерттеудің мақсат-міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі этнонимдердің гендерлік қырын ашып көрсету, талдау. Яғни, тіліміздегі көнеден келе жатқан және кейінгі кездері қалыптасқан, халқымыздың негізін қалап отырған этникалық құрамындағы ру-тайпа атауларындағы гендерлік сипатта қалыптасқан тілдік бірліктердің тарихи-тілдік табиғатын, уәждену ерекшелігін, этимологиясын қарастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
«гендер» ұғымын жан-жақты талдау;
қазіргі кездегі қазақ тіл біліміндегі гендер туралы көзқарасты саралау;
қазақ тіліндегі этнонимдердің гендерлік сипатын білдіретін тілдік бірліктерді жинақтап саралау.