Нұрғали Қадырбаев



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата21.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2344
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
123 
ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
КӨСЕМСӨЗ 
 
 
Көсемсөзші-жазушы  Мархабат  Байғұттың  шығармашылығының  бір 
қыры десек артық айтқандық емес. Бұл жанрда белгілі қаламгер әу бастан-ақ 
қалам  тербеп  келеді.  Жазушының  төрт  томдық  шығармалар  жинағының 
төртінші  томына  публицистикалық  (көсемсөз)  әдеби-сыни  дүниелері,  елдік 
ауқымдағы  ой-толғамдары,  заңғар  жазушы  Шыңғыс  Айтматовтың  эссесінен 
жасаған  еркін  аудармасы,  очерктері,  жол  жазбалары  енген.  Бұлардың  бәрі 
дерлік  журналистік  жанрдан  гөрі  жазушылық-суреткерлік  сөз  өрнегіне  тым 
жақын екендігін де атап өткен жөн. 
Төртінші  том  төрт  бөлімнен,  нақтылап  айтқанда,  автордың 
бағамдағанындай  төрт  арнадан  тұрады.  Бірінші  арна  тәуелсіздік 
ауқымындағы  көзқарас  тұрғысынан  бағаланған  халқымыздың  көркем 
әдебиет, зиялы қауым өкілдері хақындағы әдеби-сыни мақалаларға арналған. 
Екінші  арна  тіл  мен  діл,  тағзым  мен  тағылым  туралы.  Үшінші  арнаға  елдік, 
бірлік  тақырыптарына  байланысты  материалдар  топтастырылған.  Төртінші 
арнада  әдеби-көркемсөз  көсемсөз    мақалалары  берілген.  Оны,  тіпті,  көркем 
әдеби очерктер десе де болғандай. 
         Жазушы  Мархабат  Байғұт  табиғаты  тұрғысынан  алғанда,  хас  қаламгер 
болғандықтан,  әңгіме  жанры  жайында  өзіндік  көзқарасқа  ие.  Әңгіменің 
қандай    болуы  керектігі  жөнінде  жазбагерлік  тәжірибені  мол  
жинағандықтан,  осынау  шағын  көркем  жанрға  қоятын  талабы  да  ерекше 
және  де  жазушы  өз  ойларын,  халқымыздың  айтулы  қаламгерлерінің 
сөздерімен, ой-пікірлерімен дәйектейді. Сондай-сондай ойларды бағдар етеді, 
сүйенеді, басшылыққа алады. 
 Бұндай  көзқарас  жазушының  «Тылсым  Тәкен»  атты  мақаласында 
айқын  байқалады.  Жазушы  былай  деп  жазады:  «Қазақ  әңгімесінің  бір 
кемшілігі  –  әрбір  ситуацияның  ішкі  сырын  ашпай,  сыртқы  қаңқасын 
баяндауға  саяды.  Теңеу,  салыстыру,  меңзеу  дегендер  аз.  Әңгіменің  аяғын 
менмұндалап  бітіру – барып тұрған қарадүрсіндік. Жазушы сыршыл, сыпайы 
келмек.  Ал,  бізде  кейбір  автор  өз  сөзін  өзі  түсіндіруге  тырысады».  Бұл  – 
Тәкен  Әлімқұловтың  қазақ  әңгімесіне  қояр  талабы  мен  көркемдік-
эстетикалық өлшемі.    Көрнекті қазақ  жазушысының    көркем  әдебиет    әлемі 
жайлы  бір үзік сыры, әдеби-көркемдік  ұстанымы  өз мәні мен маңызын әлі 
күнге  дейін  бір    мысқал    да    жоғалтқан  жоқ.  Тәкен  Әлімқұловтың    әңгіме 
жанры  жайлы  көзқарасын  жазушы  Мархабат  Байғұт:  «тағылымды 
талғампаздық һәм қатаң  талапшылдық» өлшемімен  белгілеген дейді. 
 
Шыны  керек,  жазушы  қазірде  де  әңгіме  жанрының  Тәкен  Әлімқұлов 
айтқанындай:  «ширақ  та,  шымыр»  болуы  үшін  ұмтылатындай  аңғарылады. 
Жазушының  әңгіме жанрына  адалдығы оның тұтастай әңгімелер тізбегінен   
де айқын көруімізге болады. 

 
124 
 
«Тылсым 
Тәкен» 
атты 
әдеби-сыни 
мақалада 
жазушы 
шығармашылығына,  дәлірек  айтқанда,  әңгімелеріне  тоқталған  прозаик 
Мархабат  Байғұт.  Тәкеңнің  «Қараой»,  «Сарыжайлау»  әңгімелеріндегі 
Махамбетті  Тәкен,  Тәттімбетті  Тәкен  деп  қалады  екенсіз  дейдідағы  Махаң. 
Бәлкім,  солай  да  шығар.  Өйткені    көркем  шығарма    кейіпкерлерінен 
автордың  өзі  менмұндалап  тұратыны  да  шындық  қой.  Махамбет  те, 
Тәттімбет  те  жалғыздықтың  қайғы,  шерін,  мұңы  мен    даралығын  бастан 
кешкен. Тәкеңе де дәл сондай ұғымдар бейтаныс емес дейді, оның  өмірі мен 
шығармашылығын зерттеушілер. Сол себепті де Махаңның Тәкен Әлімқұлов 
хақындағы әдеби-сыни еңбегі де тәкентану іліміне сүбелі үлес қосары хақ.  
Тәкен  әңгімелеріндегі  ширығу,  шамырқану  үстіндегі  іс-әрекеттермен 
бірге  сөз  тасқынын  үдету  де  жиі  кездеседі.  Махаңның    әңгімелерінде  де 
солай.  Сонымен  бірге  үндемеу,  үнсіздік  те  қос  қаламгер  әңгімелеріне  тән. 
Мұндайда, әрине, екі жазушы сөз  таба алмай қалған жоқ. Шеберліктің өткір 
жүзі    қайралмай қалыпты деуге де әсте  тіл  келмейді. Кей-кейде өмірде де, 
көркем  шығармада  да  сөйлеуге  көніңкіремейтін  жағдаяттар  болады.  Үн 
қатып,  сөйлеудің  өзі  орынсыз  болатын  жәйттер  де  жиі  кездеседі.  Сондай 
сәттерде    үнсіз  қалудың  өзі  сөзуарлықтан,  шешендіктен  де  сан  есе  артық  
емес пе. Халқымыздың бойындағы мұндай  менталитет те  құптарлық, әрине. 
Мақалада сырлы суреттердің рухани-әдеби, көркемдік-шығармашылық 
кеңістігі  сараланған,  талқыланған.  Көрнекті    суреткер,  биік  ойлы  Тәкен 
Әлімқұловтың  «Жұмбақ  жан»  атты  абайтануға  қосылған  елеулі  еңбегі  де 
жазушы  назарынан    тыс  қалмаған.  Махаң  осы  орайда    Тәкеңнің  санқырлы 
талантын  атап өткен, дәлелдер келтірген, мысалдар ұсынған. Ұлы Абай сөзді 
–  өнер  деп  бағалаған.  Оған  биік  талғаммен  қараған.  «Қуатты  ойдан  бас 
құрған, еркеленіп шығар сөз», «Өлең – сөздің патшасы». Бұндай ұлық сөздер 
Абайға ғана тән екендігін Тәкең терең  иірімдер арқылы бағамдаған. 
Тағы  да  қайталап  айтуға  тура  келеді.  «Тылсым  Тәкен»    мақаласы 
тәкентануға қосылған айтулы дүние. Мұнда Тәкеңнің  әңгімелері, повестері, 
романдары мен өзге де еңбектері айтылады. Тәкеңнің дүниеден қайтқан 1987 
жылғы  сәуір  айында  Созақ  жерінде  кіндік  қаны  тамған    Баба  ата  жерінде 
жерленген сәті де баяндалады. Сыншы Төлеген Тоқбергеновтың келер жылы 
Тәкенді  еске  алу  кезінде  толғана,  тебірене  сөйлеген  лебізі  де  көзіқарақты 
оқырмандарды    бейжай  қалдырмайды.  «Дүниеде  мінген  атының  жүйрік, 
пышағының  өткір,  әйелінің  ақылды»  болуын  тілеген  әрбір  ер  азамат  секілді 
Тәкен Әлімқұлов та асқақ арман мен үмітіне иек артқан. Бірақ өмір өз дегенін 
жасайды  деген  де  бар.  Тәкен  Әлімқұловтың  жұмбақ  өмірі  әлі  талай-талай 
оқырманды толғандырары рас та. Мақаладан біз соны түсіндік. 
Жазушы  Мархабат  Байғұттың  тақырыбы    ұзақтау  болғанымен    аса 
танымал  екі  жазушы  Қарауылбек  Қазиев  пен  Нәсіреддин  Серәлиев    туралы 
жазған  «Мәжнүн  талдар  күресі  немесе  араларына  небәрі  он  күн  ғана  салып 
қайтыс  болған    шымкенттік  қос  қаламгер  хақында»    мақаласы  да  көркем 
әдебиеттің құдіретін  ұлықтағандай, қасиетін ардақтағандай сезіледі. 

 
125 
Қарауылбек  Қазиев  жайлы  оқи  отырып,  оның  мөлдір  лирикаға  тола 
«Ақ бантик»,  «Иманжапырақ»,  «Үркер»  секілді    туындыларын  және  бір  рет 
жадыңызда  жаңғыртқандай  боласыз.  Шыны  керек,    жазушының  осынау  
көркем туындыларын  біздер сонау  XX ғасырдың  70-80 жылдарында  жата-
жастана  бас    алмай  оқушы  едік.  Осынау  көркем  шығармалар  бізді  көркем 
мінезге, жақсы әдепке, өнегелі  жүріс-тұрысқа тәрбиелейтін. Көркем әдебиет  
біздерді  тәрбиелеуші-тұғын. Бұл рас. 
Ал, Нәсіреддин Серәлиев туралы жазылған мақала  айтулы жазушының 
өмірі  жайлы  көркем-әдеби  очерк  іспеттес.  Жазушының  балалық  шағы, 
қаламгерлігі,  көркем  туындылары,  адам  психологиясының  терең  иірімдерін 
шебер де, өте тапқырлықпен, аңғарымпаздықпен жазуы, бәрі-бәрі де, мінеки, 
осынау сөз өнері иесіне тән болатын. 
Махаңның жазуынша Серәлиев нағыз лирик, керемет реалист жазушы 
болғанын пайымдаймыз. Балалар мен жасөспірімдерге  арналған прозаларын 
қайтадан  рахат  пен  ләззатқа  бөленіп  оқып  шыққандай  болдық.  Жазушы 
әрдайым  шынайы  жазатын.  Өтірік  атаулысынан  ұзақ  болатын.  Сөз  өнеріне 
адал  Нәсіреддин  Серәлиевті  Жетісайда,  Шымкентте  көрген  сәттерде, 
әңгімелерін  тыңдағанда,  бүкіл  болмысында  сыпайылықтың,  зиялылықтың 
лебі  есіп  тұратын.  Адам  баласына  деген  ыстық  ықылас  пен  жайдары  көңілі 
менмұндалап  тұратын.  «Нәсіреддин»  атты  шағын  очерк  айтулы  жазушы 
жайлы мөлдір мұң дей аламыз. 
 
Жазушы  Мархабат  Байғұт  заңғар  жазушы  Шыңғыс  Айтматовтың 
«Эйфельдейін мұнараның маңында» атты эссесін еркін аударып және бір рет 
қаламгерлік  ерекше  бір  қырын  танытты.  Осынау  эсседе  заңғар  жазушы 
әрқашанғыдай  адамзат  баласын  толғандырар  мәңгілік  сауалдарға  жауап 
іздейді.  Сол  жауаптарды  береді  де.  Шынында  да,  жалған  дүниеде  шындық 
атаулысы  бар  ма  өзі?  Оған  толық  жауап  берудің  өзі  де  мүмкін  емес  деп  ой 
қорытады заңғар ойшыл қаламгер. 
 
Эсседе  заңғар  жазушы  мен  өзінен  әлдеқайда  жас  журналист  арасында 
осы    тақілеттес  сауалдарға  жауап  ретінде  сұхбат  болады.  Кеңестік  жүйе 
құлады.  Жазушы  өз  сұхбаттарының  бірінде  қоғам  мүшелері  түгелдей 
инкарнацияға  (яғни  күл  болғаннан  соң,  өлген  адамдардың  қайтадан  тірілуі 
секілді  немесе  о  дүниелік  болғандардың  жаппай  тірілуі  деген  мағынада) 
ұшырап,  мүлде  өзге  адамдарға  айналғандай  болғанын  айтады.  Былайша 
айтқанда,  бұрынғы  адами  құндылықтар  түбегейлі  құнсызданды.  Бұған 
қоғамдағы  қайта  құру  деп  аталатын  үдеріс  кінәлі  дегендей  пікірлер  де 
айтылуда. 
 
Шыны  керек,  заңғар  жазушы  замандастары  кезінде  ұлы  төңкеріс 
жасады.  Және  де  сол  ұрпақ  өзін-өзі  жоққа  шығарды.  Күллі  дүниені жаңаша 
құруға  бет  алды.  Рас,  өзін-өзі құрбан  еткен  қоғам  ешбір қантөгіссіз-ақ  өзін-
өзі құртып тынды. Тарихта бұндай үдеріс кемде кем болған-ау, сірә.  
 
Ендігіде  барша  адам  баласы  байлыққа  қарай  бет  алуда.  Кедей  бай 
болсам,  бай  құдай  болсам  деген  заман  туған  секілді.  Кімдікі  жөн,  кімдікі 
бұрыс? Жауаптар да әр қилы. 

 
126 
 
Жазушы-философ  Шыңғыс  Айтматовты  кеңестік  кезеңнен  кейін  алда 
не  күтіп  тұрғандығы  толғандырады.  Соған  жауап  іздейді.  Жаңа  қоғамда 
капиталистік  нарық  өз  дегенін  жасап  жатқаны,  демократия  рәміздері 
орнығып,  қалыптаса  бастағаны  байқалады.  Бұрынғыдай  қатып-семіп  қалған 
теория  жоқ.  Бірақ  жазушы  жаны  қанағат  таппайды.  Ондай  сезім  жоққа  тән. 
Неге? 
 
Нарық  заманының  өлшемі  Ақша  –  құдай.  Адамдардың  бәрі  де  соған 
бағынады. Социализмде де солай болған. Бірақ онда ақша дәл мұндай емес-
ті. Жазушы бейнелеп жазғанындай Ақшасымақ-құдайсымақ қана еді. Демек, 
ақша  қаншама  өркениеттер  алмасса  да,  ақша  күйінде  қалуда.  Қайшылықты 
өмір секілді ол да қайшылыққа тола. 
 
Эсседе  өмірдің  өзінен  алынған  мәтел  де  кездеседі.  Мәселен,  «Мавр 
келер,  өз  деген  істеп  берер»  деген  мәтелде  шындық  бар  болған-ды. 
Маврымыз  –  бұл  күні  кешегі  коммунистік  идеяның  көсемі,  ұлы  философ 
Карл  Маркс.  Осынау  тұлғаның  идеясымен  кеңестік  жүйе  ғұмыр  кешті. 
Ендігіде  ше?  «Киллер  келер,  өз  дегенін  істеп  берер»  деген  мәтел  пайда 
болды. Демек, ізгілікке тола коммунистік идея тас-талқан болды. Карл Маркс 
келмеске кетті. Оның орнына бас алғыш, жан алғыш аты шулы киллер келді. 
Бұл    жәй  әншейін ұйқастыра  айтылған  сөз  емес.  Бұнда  шындық  бар.  Өтірік 
дей алмайсыз. 
 
Заңғар  жазушы  осынау  эсседе  ұлттық  мәдениет  хақында  айрықша  ой 
айтады.  Ол  өз  дәстүрі  мен  жаңашылдығын  сақтап  қалуға  тиісті  екендігін 
ескертеді. Ұлттық мәдениет бұқарашыл, тобыршыл мәдениеттен бойын аулақ 
салуы  керектігін  атап  өтеді.  Бүгінде  тобырлық,  бұқаралық  мәдениет  қол 
жеткен  электротехнологияны,  компьютерлік  құрылғыларды  пайдаланып, 
адамдарға  жаппай  еліткіш,  еліктіргіш  күшпен  кері  әсерін  тигізіп 
жатқандығын да жоққа шығармайды. 
 
Cондай-ақ,  дінді  қастерлей  отырып,  оны  басқа  дінмен  күресте  құрал 
ретінде  пайдаланбау  керектігі  жайлы  ой-толғамдары  да  оқырманды 
ойлантпай  қоймайды.  Қазірде  «Құдайды  сүю  дегенің  –  ол  жаратқанды, 
адамды, адамзатты сүю мағынасындағы» жақтары жетіспейтіндігін және бір 
рет  қайталап  айтады.  Осы  ретте  адамзаттың  Айтматовына  айналған  заңғар 
жазушымен келіспеске еш лаж жоқ. 
 
Эссе жазылған тұс – XXI ғасырдың қарсаңы екендігін материалды оқи 
отырып көзіміз жетеді. Автор XXI ғасырдың да ХХ ғасырдың заңды жалғасы 
екендігін  болжайды.  Әлем  елдерінде    XXI  ғасырдың    ерекше    ғасыр 
болатынын  айрықша  күтуі  авторды  кей-кейде  таң  қалдыратын  секілді. 
Өйткені  қалай  дегенде  де  заңғар  жазушы  жаңа  ғасырда  да  адамзат  баласы 
үшін  көкейкесті  мәселелер  аз  болмайтындығын  атап  айтады.  Айтулы 
автордың  осынау  уәжді  сөзі  бүгінде  де  өзінің  мәні  мен  мазмұнын  жойған 
жоқ. 
 
Заңғар жазушының ғаламат  ойлары әлі  де әрбір жанды толғандырады. 
Ол былай деп жазады эсседе: «Мен бұл жерде ақшаға жаутаңдап қор болған 
ғалымды,  жалаңаш  күйде  базарда  жүрген  өнерді,  оның  ішінде  әлеміштеніп 

 
127 
үлгерген  әдебиетті,  теледидармен  таласа-тармаса  жержүзілік  супербизнеске 
қашып  кеткен  қыз  секілді  кино  өнерін  айтып  отырған  жоқпын.  Бірте-бірте 
бәрі  де  айығады,  оңалады,  жанданады,  түйіндей  келгенде,  мәдениет  есін 
жиып, етегін жауып, түзеліп кетеді, деседі ғой, әйтеуір. Я, Құдай, бере гөр!» 
        Ойшыл қаламгер оптимистік ой айтады. Бірақ оның жолы ауыр екендігі 
айтпаса  да  көрініп  тұр.  Нарық  заманы,  Ақша  –  Құдай  болған  уақыттың 
дегеніне көнуге де тура келетін сияқтымыз. Осы орайда эссені тәржімелеген 
жазушы  Мархабат  Байғұттың  адами  құндылықтардың  арзандамауын 
құптайтындығын, заңғар жазушының ар, намыс, иман, парасат  секілді озық 
ойларына иек артқандығын да сезгендей боламыз. 
 
Заңғар жазушы және көрнекті жазушы Мархабат Байғұт арасында көзге 
анық  көрінетін  нақты  байланыс  бар.  Қос  қаламгерде  нарық  заманының 
толғақты  мәселелеріне  назар  аударғандай.  Өзара  үн  қатқандай  ниет 
байқалады.  Үзінді  келтірелік:  «Мәдениет  деп  майысамыз-ау,  мына 
тіршілігіміздің көгілдір көкжиектерін сыбайлас билеушілер жемқорлығының, 
мафиялы  жырындылар  жықпылдарының,  тонаушылық  пен  бандитизмнің, 
зорлық-зомбылық  пен  заңдарды  белден  басушылықтың  дүлей  өрттері 
жалмап бара жатқан жоқ па?! Осыдан барып,  қорғансыз, қансыраған, қайран 
демократия  жығылып-сүрініп,  қоғамы  қуатсыз,  адамы  ұятсыз,  алмағайып 
кезеңді,  болмай  қоймайтын  балалық  ауруларды  бастан  өткеріп  жатыпты... 
Жан-жүрегіміз ышқына шырқырай отырып, мұндай қасіреттен де өтерміз-ау 
деп үміттенеміз дағы.» 
 
Мәдениет  пен  әдебиетке  байланысты  ащы  шындықтардың  нарық 
заманының бастапқы кезеңінде орын алған келеңсіздіктерді қазірде қалайша 
ұмытарсыз.  Бұл  да  тарих.  Ойшыл  қаламгер  әлемдік  көкейкесті  мәселелерді 
нақты  айтуымен  ерекшеленеді.  Соның  бірі  –  әлемде  қару-жарақпен  сауда 
жасау  ісі  жайлы  өте  өткір  ой-пікірлерімен  бөліскені  оқырманды  бейжай 
қалдырмайды.  Көзіқарақты  оқырман  жақсы  біледі;  қазірде  қару-жарақ 
ақшаның, баюдың көзі болып отыр. Кемел де ірі ойшыл  жазғанындай,  «жер 
жүзінде  бейбітшілік  орнасын»  деген  ұранымыз  баланың  ойынындай  боп 
қалады.» 
 
ХХI  ғасырдың  қарсаңында,  дәлірек  айтқанда,  1998  жылы  жазылған 
эссенің  айтар  ойы  –  келешектің жүгі аса  оңай  емес  секілді.  Оның  салмағын 
ойдағыдай көтеру жаңа кезеңде ғұмыр кешетін ұрпақ өкілдерінің еншісінде. 
 
Жазушы Мархабат Байғұттың «Тәңіртау. Шілде. Шераға.» атты шағын 
мақаласы  туған  жер,  ұлт  намысының  ұйытқысы  көрнекті  жазушы  Шерхан 
Мұртаза,  жұмақ  жер  –  Ақсу-Жабағалы  хақында  көркем  сөз  шертеді. 
Мақаланың  танымдық,  тағылымдық  мәні  аса  зор.  Туған  жердің  табиғаты, 
ауасы қай-қайсымызды болмасын аялағандай. Әлдилегендей. 
 
Ал енді «Асқар аңсар немесе «Бесатар» повесін қайта оқығанда» әдеби-
сыни  мақалаға  қайта  оралайық.  1970  жылы  «Жазушы»  баспасынан  жарық 
көрген «Бесін» атты кітапта «Бесатар» повесі бар. Жазушы Мархабат Байғұт 
өзінің 
қаламгерлік-суреткерлік 
шеберлігі, 
әдеби-сыни 
көзқарасы, 
дүниетаным тұрғысынан осынау хикаятқа талдау және сараптама жасаған. 

 
128 
 
«Бесатар»  повесі  –  ХХ  ғасырда  қазақ  тарихынан  елеулі  орын  алған 
1916  жылғы  қанды  оқиғаға  құрылған.  Повесть  халықтың  талайлы 
тағдырының  қасіретін  суреттеген.  Жазушы  Асқар  Сүлейменовтың: 
«Сөйлемдегі  өмір  мен  сөйлемнің  өмірі  бірікпегесін,  тірі  тіркес  тумайды» 
деген  суреткерге  тән  терең  ойын  оқырмандарға  жеткізе  отырып,  жазушы 
Мархабат Байғұт сөзге өте шебер, сөйлемге аса ұқыпты «Бесатар» повесінің 
авторы жайлы өзіндік ой-пікірлерін түйіндейді. 
 
Әдеби-сыни  мақалада  повестің  кейіпкерлері  хақында  жан-жақты 
талдаулар мен сараптамалар жасалған. Текті шалдың бейнесіндей әсер ететін 
Төреханның  бейнесі,  шыны  керек,  тағылымды.  Өнегелі.  Ал  Иноземцев  – 
қаскөй,  нағыз  қанішер.  Ол  отаршылдық  жүйеге  жан-тәнімен  қызмет 
жасайтын жан. 
 
Жазушы  Асқар  Сүлейменовтың  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысқа 
қатысты  қанды  оқиғаны  көркем  сөз  арқылы  суреттегені  рас.  Оған  дәлел, 
автордың  «Бесатар»  хикаяты.  Жазушы  Мархабат  Байғұт  аса  талғампаз, 
стилист,  лингвистикалық  проза  тілімен  жазылған  повесть  пен  оның  авторы 
хақында  өзіндік  тұрғыдағы  танымдық сипаттағы  осынау  мақаланы  арнапты. 
Онысы оқырмандар санасына аса мол сәуле таратқан да. 
 
«Қарауылбектің  рухымен  сырласу»  атты  мақала-очерк  те  эссе 
деңгейінде.  Сырласу,  ойласу,  пікірлесу  ауқымында  жазылған  туынды.  Бұл 
материал  айтулы  жазушы  Қарауылбек  Қазиевтің  алпыс  жылдық 
мерейтойына  арналған  баяндама  болса  да  таптаурын  белгілібір  қалыпқа 
бағынған құжат емес. Мүлдем бөлек дүние. Тірі сөзге бағынған, сөлі мен нәрі 
мол құнарлы туынды. Көркем көсемсөз. 
 
Мерейтойға  арналған  баяндама  әлдебір  ғылыми  еңбек  те  секілді. 
Мысал керек дейсіз бе? Мінекиіңіз: «  Әбілмәжін Жұмабаев сынды ағаңызға 
айтқызсаң: «Қарауылбек әдебиетті ар-ұят ісі деп қатты қастерлейтін тектілер 
әулетінен еді.» 
 
«Тағы  да  сол  кісіні  тыңдай  түссек,  сіздің  әрбір  туындыңыз  –  «таза 
бұлақ бойына қаулай өсетін балаусадай дүние», кейіпкерлеріңіздің көпшілігі 
– «тым жас, тым ұяң, аузын ашса, көмейі көрініп тұратын ақпейіл, жүректері 
әлі  де  қалам  ізі  түспеген  ақ  қағаздай».  Сіз,  Әбекең  айтқандай,  уыз  сезімнің 
оянуын,  лүпілдеген  жүректің  дірілдей  шыққан  үнін,  сол  бір  албырт,  тентек 
сезімнің  азабы  мен  махаббаттан  туған  мәрттікті  тек  өзіңізше  ғана 
жырладыңыз»  дейді  Махаң  айтулы  қаламгердің  сөзін  дәйектеме  ретінде 
орынды айтып та, қолданып та. 
 
Жазушы  Мархабат  Байғұт  Қарауылбек  Қазиевтің  «Ақ  бантик», 
«Қашқын»,  «Үркер»,  «Иманжапырақ»,  «Ақ  шуақ»  атты  көркем  әрі 
лирикалық,  терең    психологиялық-романтикалық  туындылары  хақында  өте 
жылы  ой-пікірлерін  білдірген.  Әдебиетті  ардың  ісі  деп  білген,  солай 
бағалаған  Қарауылбек  Қазиевтің  прозасы  келешекте  де,  жаңа  ұрпақтарға  
қызмет  ете  беретіндігін  көсемсөз  сипатында  жалындата  жеткізген.  Сөзіміз 
жалаң  болмас  үшін  үзінді  келтірелік:  «Сіз  өз  парызыңызды  адал  өтеген, 
әдебиетті  ар-ұят  ісі  деп  біліп,  көркемдікті  көздің  қарашығындай  күзетіп 

 
129 
өткен  көргендінің бірі  едіңіз.  Сіздің  лиризмге  толы,  сарказмға  да  суарылған 
дүниелеріңіздің  дабысы,  интонациясы  ұрпақтар  құлағында,  Қареке».  Дөп 
айтылған, көңіл төріне берік орныққан уәлі сөздер деп ұғамыз біз бұны. 
 
«Қайырымды  қала  іздеп  жүрсіз-ау,  қайран  аға»  атты  шағын  мақалада 
айтулы  абайтанушы,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Мекемтас Мырзахметов жайлы терең сырлар төгілдіріле талданған. Көрнекті 
ғалымның  өзімізге  де  тағылымды  ұстаз  болғандығын  атап  айтқымыз  келеді 
біз  осы  орайда  реті  келгенде.  Адамгершілік  болмысы,  ғибраты  мол 
ғалымдығы,  зиялы  кескін-келбеті  Мекемтас  ағайымызды  ұлық  тұлға  деп 
тануымызға  бізді  міндеттейді.  Мақтанышқа  айналған  ұлағатты  ұстаздың 
шәкірті болғанымызды несіне жасыралық. Шыны сол. 
 
Абайтанушы,  мұхтартанушы,  ұлттық  мүддені  қыран  іспеттес  заңғар 
көктен  бақылап  қана  қоймай,  оны  ұдайы  назарда  тұтуы,  топонимика, 
онамастика  секілді  мәселелері  бойынша  ата-баба  аманатына  адал  ғалым-
азамат  ағаға  деген  адал  аңсарымыз  әлі  күнге  шейін  бір  мысқал  да  кемшін 
түскен жоқ. Ортаймақ емес. 
 
Ал  енді  «Әттең  тонның  келтесі-ай...  немесе  Тұқаң  және  той 
турасындағы  толғаныс»  атты  журналистік  жазбасы  –  төл  әдебиетіміз 
тарихының  қазіргі  қазақ  әдебиеті  кезеңінде  өзіндік  қолтаңбасы  анық  та 
айқын  жазушы  Тұтқабай  Иманбекұлы  жайлы.  Мақала  айтулы  қаламгердің 
туғанына 60 жыл толуына орай жазылған тебіреністі толғаныс. 
 
Ақылман қаламгер ағаның қазақ халқының салт-дәстүрі жөнінде терең 
оймен,  тебіреністі  тағылыммен  өз  оқырмандарына  «Өнеге  сөз  –  өрісің», 
«Ағайынға  –  ақ  бата»  атты  кітаптарын  ұсына  білуі  де  өзінің  перзенттік 
парызы болғандығын прозашы Махаң осынау көсемсөзінде атап өтеді. Тіпті, 
қазақты  тойшыл  емес,  ойшыл  дей  барып,  қуғын-сүргінді,  қорлықты, 
жаугершілікті  көп  көрген    өз  ұлтына  тойды  Тұқаңның көп  көрмегендігін де 
еске алған. 
 
Шағын  мақалада  сөз  өнерін  тағылым  мектебіне  балаған  Тұтқабай 
Иманбекұлының  бірқатар  шығармалары,  атап  айтқанда,  «Тұт  ағашының 
көлеңкесі»,  «Тұңғыш  жыр  жинағы»,    «Ақ  қайың»,  «Үш  айдың  үш  күні», 
«Жетім  қыран»  повестері,  «Тапсырылмаған  гүл»,  «Ем»  әңгімелері,  «Үлкен  
үй»  романы  оқырмандардың  жадына  салынады.  «Ағайынның  аласынан, 
жамандардың  жаласынан  сақтасын»  деген  автордың  төл  мақалы  осынау 
күрделі жанрда жазылған прозаның негізгі өзегі екендігі де ескертіледі. 
 
Автордың  кей  әндерінің  бүгінгі  той  кештерінде  сәнге  айналып 
айтылатынын да ұмытқан жоқпыз. Мәселен, «Жылама, қызым» әні ше?! 
 
Оңтүстікте  қарымды  қаламгерлер  баршылық.  Тіпті,  көп.  Бұл  да 
жақсылық. «Дәрігер қаламгер қарымы» мақаласында Махаң жазушы-дәрігер 
Ерсін  Қойбағарұлы  жайында  өз  ой-пікірлерімен  бөліседі.  Қаламгерлік-
жазбагерлік  ойлары  арқылы  сыр  ақтарады.  Мақала  жазушы  Ерсін 
Қойбағарұлының  сол  кезде  ер  жасы  –  елуге  иек  артқан  кезінде  жазылған. 
Жазушының  прозасына  тиянақты  баға  берілген.  Оның  шығармаларындағы 
психологиялық-философиялық иірімдерінің нанымдылығын сараптаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет