Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата31.10.2022
өлшемі450,47 Kb.
#46383
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
1969, 20–21-бет.
10 X. А р ғ ы н б а е в. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 
1969, 20–21-бет.


жылқыны шаруаның «керігі», «тұғыры», «шобыры», «торысы»
дел те атай беретін»
11
. Шаруаның шобыры, қойшының қойторысы,
тұғыры тәрізді сөздермен қатар, көне мұра тілінде, батырлық
жырларда көрік сөзі жиі кездеседі. «Бұл жер кездегі әр түрлі
басылымдарында бұл атау – дыбысталуы ұқсас, мағынасы
мүлдем бөлек керек деген сөзбен шатастырылып жүр.
Ақ маңдайлы тұлымым
Бірге туған құлыным. 
Қерекке біткен жауырын, 
Бірге туған бауырым
(«Қобыланды батыр»)
Егер осындағы жолды көрікке біткен жауырын деп оқысақ
жалпақ, қақпақ жауырын дегенді, мықтылықты аңғарамыз.
Өйткені көрік ат төртпақ жауырыны жалпақ болып келеді.
Халық осылайша өзі танып, білген заттар мен құбылыстарға
жеке-жеке ат қойып, айдар тағып қана қоймайды. Оларды
тектестігі, туыстығы, түрлі-түрлі қасиеттерінің ұқсастығы мен
ортақтығына қарай топтастырып, жинақтап, классификация
жасайды. Ал классификация жасау – заттар мен құбылыстарды
белгілі бір дәрежеде танып білу.
Қазіргі кезде мүлде ұмыт болған ескі наным-сенімге байланысты
айтылатын тұрақты сөз тіркестерінің саны тілімізде көптеп
кездеседі. Солардың кейбірі түйе малына қатысты.
Ертеректе Жетісу жерінде Ақжал деген атақты бір сәйгүлік болса
керек. Сол аттың иесіне алыстағы жегжаты: Ақжалды маған берсін,
орнына түйеден бір соқыр айдатамын» – деген екен. Сөз мәнін
аңғармаған ат иесі: «Қырық түйеге бермеген Ақжалымды соқыр
түйеге теңгермекпін бе?» – деп кейіпті.
М. Әуезов халқымыздың байырғы салт, дәстүріне қатысты сөз
байлығын көркем тіл кестесіне түсірудің айрықша үлгісін көрсетті.
Жазушы кейіпкер тілін ерекшелеу мақсатымен соқыр түйе тіркесін
былай деп қолданады: ...Қітаптың жолына саусағын қадап тұрып,
сипай қамшылағандай ғып, ақырын көлгір жүзбен кемпірге қарап: –
Сіздің түйеңіздің саны неше соқыр болған ет осы, бәйбіше? – деп
қойғанда, Несібелдінің өзі де жарылып күліп жіберді.
Соқыр түйенің ертегі кейіпкері ретінде де кездесетіні белгілі. Ал
осы «соқыр түйеде» не сыр бар?
«Түйе – төрт түліктің төресі» дейді халық. Түйесі жүзге жеткен
мал иесі ырым етіп, жүзінші түйенің бір көзін ағызып отырған.
11 Р . С ы з д ы қ о в а . Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980, 67-бет.


«Түйең нешеу» деп сұраған адамға тура санын айтпай, «бір соқыр»
немесе «екі соқыр» дейтін болған. Онысы – «жүз» немесе «екі жүз»
дегені.
Түйе малының тағы бір атауы – мойнақ. «Мойнақ – түйенің
алқымынан басына (құлақ түбіне) дейінгі мойын терісі. Мойнақ
түйеде ғана болғандықтан «түйе» деген сөздің орнына «мойнақ» деп
те сөйлейді. Мысалы, бес-алты мойнағымыз бар деген сөзден бес-
алты түйесі бар екенін білеміз»
12
.
Сөз байлығының бір саласы – жер-су атаулары мен кісі есімдері
(ономастикалық атаулар). Жер-су атаулары тіл білімінде топонимдер
деп аталады.
Қазақстан топонимдері зерттеушілер үшін аса құнды
лингвистикалық, тарихи, этнографиялық деректер береді. Сондықтан
жер-су, әр түрлі мекен аттарын сақтау, бұрмаламай дұрыс қолдану
мәселесі арнайы зерттеулерде де, мерзімді баспасөзде де сөз болып,
географиялық атауларға да «Қызыл кітаптың» кажеттілігі орынды
айтылып жүр.
Жер-су аттарында көптеген ашылмаған сыр, шешілмеген жұмбақ
жатыр. Кей-кейде жер-су аттары «Неге бұлай аталған»? деген
сауалға орай, ел арасында айтылып жүрген әр түрлі аңыздарды да
кездестіруге болады. Сондай аңыздың бірінде: «Ұзақ жол, алыс
сапардан шаршап-шалдығып келе жатқан жолаушы жолай кездесе
кеткен дарақтың түбіне келіп, дем алып, аяқ суытпақ болады да,
қолындағы асасын (таяғын) жерге қадай салады. Біраздан соң қараса,
жаңағы аса тұрған жерден мөлдіреп бұлақ ағып, аяғы арналы өзенге
айналып кетіпті. Содан бұл өзен Аса деп аталған екен», – дейді.
Шынында, Асаның суы мол, нулы өңір екендігін аңыздағы ақиқат
десе болады. Бірақ бұл атауды аңызда айтылғандай аса (таяқ) сөзімен
байланыстыра қою қиын. О бастағы дыбысталуы басқаша болуы
ықтимал. Жер-жерде кездесетін Аса (Жамбыл облысы), Асы (Алматы
облысы), Яса, Иаса (Түркістанның XII ғасырға дейінгі аты)
тәрізді атауларды зерттеушілер Қазақстанның Оңтүстік
аймақтарын, Қырғызстан жерін мекендеген ежелгі  ас (асс)
тайпасымен байланысты қарайды.
Өзен-су, қыр-қырат атаулары жердің табиғи көрінісіне,
жаратылыс ыңғайына, өсімдік (фауна), жан-жануарларына
(флорасына) қарай да атала беретіндігі белгілі.  Қарағанды,
Мойылты, Шілікті, Аршалы топонимдері сол жердің фаунасына
қарай аталса, Текелі, Жыланды, Арқарлы атаулары осы мекеннің
флорасына байланысты пайда болған. Бірақ көптеген жер-су
12 Ғ . С е б е п о в . Түйе және оның әбзелі туралы қазақша атаулар. – Известия Қаз. ФАН СССР, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет