266
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2007 жылы Шымкент, Қарағанды, Ақтау қалаларында және Оңтүстік
Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылында Бейімдеу және кіріктіру орта-
лықтары ашылды. Қандастарымыздың тез бейімделуін және ішкі көші-қон-
ды реттеу үшін 2008 жылы Үкімет 2009–2011 жылдарға арналған «Нұрлы
көш» бағдарламасын бекітті.
2012 жылға қарай Қазақстанға, тарихи Отанына 860 мыңнан астам
қазақ қоныс аударды. Олардың басым бөлігі Өзбекстаннан, Моңғолиядан,
Қытайдан және Түрікменстаннан келді.
Сондай-ақ Қазақстанға бұрын Ресейге, Украинаға, Германияға тұрақты
түрде қоныс аударған отандастарымыз да орала бастады. 2011 жылы ҚХА-
ның XVII сессиясында мен Қазақстанның табыстары шетелдердегі отан-
дастарымыздың назарында жүретінін айтып: «Өзін әлі күнге қазақстан-
дықпын деп сезініп жүрген адамдар мыңдап саналады. Олар үшін біздің
жолымыз бен есігіміз әрқашан ашық» дедім.
Осы сөздер Қазақстанның – ашық, өз күшіне сенімді мемлекет екенін
нықтай түсті.
Достарыңызбен бөлісу: