ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
303
Цзян Цзэминнің Қазақстанға жасаған соңғы сапарларының бірі – ШЫҰ-
ның кезекті кездесуіне байланысты болды. Мен оны Владимир Путинмен
бірге өз үйіме шақырдым. Біз ұзақ әңгімелестік. Содан кейін өзіміздің бей-
ресми әңгімеміз кезіндегі дәстүрге сай ән айта бастадық. Цзян Цзэмин-
ге орыс әндері қатты ұнайтын. Мүмкін, Одақта өткен жастық шағы есіне
түсетін болар. Кешқұрым аулада алдымызға кәуап тартылды, жұлдыздар
жарқырап, ай көк жүзінде жүзіп бара жатты, Астананы қоршаған шет-
сіз-шексіз даланың таза ауасы мұрын жарды. Ешкім дастарқанға келуді ой-
лаған да жоқ. Жұлдыздар жыпырлаған аспанға қарап тұрмыз. Әнді сирек
айтатын Владимир Владимировичтің өзі ыңылдап қосыла бастады. Өмірде
ұсақ та өтпелі нәрсенің бәрі шетке ығысып, күндізгі қам-қарекет пен алаң-
ның бәрі түн тыныштығына сіңіп, адамдар бір-бірін сөйлемей-ақ түсінісетін
сәттер болады. Үш адам, тағдырлары түрліше, өмірдің сабақтарынан бай-
сал тартқан үш азамат тұрды. Біздің арамызда тілдің де, мәдениеттің де,
тарихтың да еш тосқауылы жоқ еді...
Ынтымақтастықтың шанхайлық үлгісі жаһандық қарым-қатынастар
жүйе сінде ерекше маңызды орын иеленіп, жарқын болашаққа жол сала-
тынына сенімім өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: