366
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Біріншіден, бүгінгі таңда халықаралық күн тәртібіне елдердің байлығын
өлшейтін және олардың азаматтарының әл-ауқатын таразылайтын көрсет-
кіштер есебінің жаңа тәсілдері туралы мәселені қою керек. Біз жиі қолда-
натын көрсеткіш – ішкі жалпы өнім көрсеткішінің бірқатар кемшіліктері бар.
ІЖӨ экономикалық қызметтің ұзақ мерзімді сипатын көрсете алмайды. Ол
қоршаған ортадағы, соның ішінде табиғи ресурстардың тозуынан туын-
дайтын шығындарды көрсетпейді. Бұдан өзге, ол қандай да бір елдің өмір
сапасының деңгейін де айқындай алмайды. Әрбір адамға шаққандағы ІЖӨ
азаматтардың нақты тұрмыс деңгейін анықтамайды, олардың табыстары
бойынша бір-бірінен алшақтығын көрсетпейді. Дәстүрлі ІЖӨ экономика-
лық гүлденудің жалған түсінігін қалыптастырады.
Менің ойымша, «жасыл ІЖӨ» негізінде әлемдік қоғамдастық Адами
даму индексі, ЭЫДҰ-ның үздік өмірі сияқты көрсеткіштерді қолдануда ІЖӨ
есебінің жаңартылған тәсілін қабылдай алады. Ол елдің теңгерімді дамуын-
дағы қажеттілікті дұрыс көрсетуі тиіс.
Екіншіден, әлемдік қаржы архитектурасын трансформациялау қажеттігі
пісіп-жетілді. Халықаралық есеп-төлем бірлігін енгізу мәселесін қарасты-
рудың мезгілі жетті. Ол әлемді валюталық соғыстар мен алыпсатарлықтан
құтқаруға мүмкіндік береді, сауда қатынастарындағы кемшіліктерді бол-
дырмай, нарықтағы баға мөлшерінің құбылуын төмендетеді.
Валюта тұтынушылардың билігіндегі эмиссияның қарапайым және
ашық тетігіне ие болуы тиіс. Цифрландыру мен блокчейн сияқты техно-
логиялардың дамуын ескере отырып, жаңа есептік бірлік криптовалюта
түрінде құрылуы мүмкін. Оның негізі абстрактілі сенім емес, нақты актив-
термен қамсыздандырылуы маңызды. Бұл валюта да демократиялы сипат-
та, яғни бүкіл әлем тұтынушыларының қолданысында болуы тиіс. Сондықтан
да біздер G-Global-ды ұсындық, тек қана G-20 емес, мемлекеттердің басым
көпшілігі осы маңызды жобаға қатыса алатындай жағдай қажет. Жаһандық ва-
лютаны ендіру орталық банктер пулдарын, мәселен, арнайы құрылған БҰҰ ко-
митетінде құру жолы арқылы мүмкін бола алады. Оның эмиссиясында барлық
елдердің теңқұқықты және әділ өкілдіктері болуы тиіс. Мен жаһандық өлшем-
дегі жаңа экономикалық модельдің перспективасын тап осылайша көремін.
Достарыңызбен бөлісу: