НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан және халықаралық ұйымдар



Pdf көрінісі
бет87/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   264
Қазақстан және халықаралық ұйымдар 
1995 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Ислам конференциясы 
Ұйымы ның (ИКҰ) тең құқылы мүшесі атанды. Қазақстанның ИКҰ жұмысы-
на атсалысуы мен еліміздің мұсылман әлеміндегі жағымды бейнесі ислам 
елдерімен қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуымыздың алғышарты 
болды. 
1997 жылдың желтоқсанында Тегеранда өткен ИКҰ Сегізінші саммитінен 
бастап, бұл ұйымның бірде-бір маңызды іс-шарасы Қазақстан делегация-
сының қатысуынсыз өткен жоқ. Сонымен бір мезгілде ИКҰ-ға мүше елдер-
мен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстар да нығая түсті. 
Қазақстан тағы бір беделді халықаралық институт – ішіне Орталық Азия, 
Орта және Таяу Шығыстың бірнеше елі мен Тегерандағы ЭЫҰ хатшылығы-
ның штаб-пәтері қоса кіретін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 
(ЭЫҰ) да жұмысына белсене араласты. Осы мемлекетаралық құрылымның 
аясында ынтымақтастықтың басты салалары энергетика, көлік және ком-
муникация, сондай-ақ сауда саласы болды. 
Көпвекторлық ұстанымдағы Қазақстан азиялық қана емес, еуропалық 
бағытта да белсенді жұмыс істеді. Мұнда біз ел – қауіпсіздігін қамтамасыз 
етуге қажетті іс-қимылдар жасадық, атап айтқанда, 1996 жылдың шілдесін-
де НАТО-мен Қазақстан Қарулы күштерінің – Солтүстік Атлантика ұйымы-
ның әскери оқуларына, сондай-ақ жанжалды жағдайларды реттеу мақса-
тында жүргізетін операцияларға қатысуын реттейтін маңызды келісімге қол 
қойды. 


170
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қазақстан және жаңа тәуелсіз мемлекеттер. 
Кеден одағы
1990-шы жылдардың екінші жартысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достас-
тығы (ТМД) көптеген объективті себептерге байланысты қиын кездерді 
бастан өткеріп жатты. Толыққанды экономикалық қоғамдастық сол күйі 
құрылған жоқ, мемлекетаралық механизмдер іркіліспен жұмыс істеді, қа-
былданған шешімдер көбінесе орындалған жоқ. 1998 жылы ТМД-ны ре-
формалау жөніндегі талпыныс, өкінішке қарай, жүзеге аспады. 
Жалпы, мұның бәрі мен үшін таңданарлық нәрсе емес еді. 1990-шы 
жылдардың бірінші жартысында-ақ оқиғаның осылай өрбитінін сезіп, бо-
лашақта аймақтық ынтымақтастықтың мұқият ойластырылған өзге түрлері-
не көшу керек екенін айқын түсіндім. ТМД-ның өміршеңдігіне сене қойған 
жоқпын. Соған қарамастан, мемлекеттің ТМД-ға қатысты ресми көзқарасы 
өзгерген жоқ: Қазақстанның экономикалық ықпалдас тығы біздің саяси тәу-
елсіздігімізге нұқсан келтірмеуі керек. Біз үшін ең бастысы осы болды.
1990-шы жылдардың ортасында, ықпалдастық ұмтылыстар қайта күшей-
ген кезде, мен Кеден одағын (КО) идеясын толықтай қолдадым. 1995 жылдың 
20 қаңтарында Қазақстан, Ресей және Беларусь үкіметтерінің басшылары 
Кеден одағын құру жөніндегі келісімге қол қойды. Бір жылдан аса уақыт өт-
кенде, 1996 жылдың 29 наурызында, дәл сол елдер және осы одаққа кейін-
нен қосылған Қырғызстан экономикалық және гуманитарлық салалардағы 
интеграцияны тереңдету жөнінде келіcімді бекітті. Соған сәйкес, бірлескен 
басқару органдары – Мемлекетаралық кеңес, Интеграциялық және Пар-
ламентаралық комитеттер құрылды. Күтпеген жерден болған қаржы дағда-
рысы көптеген жоспарларға, оның ішінде әуелі құрылысы баяулап, кейін-
нен мүлде тоқтаған Кеден одағын құруға да бөгет жасады. Дегенмен мен 
еуразиялық ықпалдастық жобасы уақыты келгенде жүзеге асатынына еш 
күмәнданған жоқпын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет